01 сәуір 2014 | 09:15

Сириялық армяндар әлемдік қоғамдастықтан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Rt.com телеарнасының кадры Rt.com телеарнасының кадры

Сириялық армяндар Кесаб қаласындағы қанды қырғынға байланысты әлемдік қоғамдастықтан көмек сұрайды. 21 наурыз күні қалаға "Фронт ән-Нусра" және "Ислам фронты" исламистік топтарының содырлары баса-көктеп кіріп, 80-нен астам бейбіт тұрғынды өлтірген деп хабарлайды RT


Иконка комментария блок соц сети

Сириялық армяндар Кесаб қаласындағы қанды қырғынға байланысты әлемдік қоғамдастықтан көмек сұрайды. 21 наурыз күні қалаға "Фронт ән-Нусра" және "Ислам фронты" исламистік топтарының содырлары баса-көктеп кіріп, 80-нен астам бейбіт тұрғынды өлтірген деп хабарлайды RT

Кесаб - Түркиямен шекаралас өңірдегі шағын қала. Мұнда негізінен армяндар тұрады. Сириялық армяндар қанды оқиғаны 1915 жылғы геноцидпен теңестірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, исламистер Түркия аумағынан келген. Олар шабуыл жасаған кезде қала тұрғындары қашуға мәжбүр болған. Жасырынып үлгермегендер қаскөйлердің қолынан қаза тапты. 

Армения парламентінің депутаты Арман Саакян Кесабтағы оқиға жөнінде былай деді: "Түнде түрік шекарасы ашылған, түрлі елдердің өкілдері, террористер Кесабқа артиллериялық қарудың қолдауымен шабуыл жасаған. Олардың қолына түсіп, кейін қашып шыққан армяндардың бірі шапқыншылардың арабша сөйлемегенін айтты. Өзін-өзі қорғау жасақтары алғашқы шабуылды тойтара білген. Тұрғындар сириялық әскерилердің көмегімен Латакияға кетті. Олар армян шіркеуі аумағында дымсыз отыр, жергілікті армян диаспорасы оларды тамақтандырып жатыр. Кесабта 30-ға жуық адам қалды, негізінен, қарттар, олардан еш хабар жоқ. Қазір ол жақта не болып жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ кеше сириялық жасақтар шабуылды бастаған. Қаланы террористерден азат етеді деген үміт бар".

Сирия қарулы күштерінің өкілдері шабуылдың Түркия тарапынан болғанын қуаттады. Түркия билігі болса, бұл айыптауды жоққа шығарып, сириялық армяндарға қолдау мен қамқорлық көрсетуге уәде берді.

Армения президенті Серж Саргсян Кесаб тұрғындарының осымен үшінші рет өз үйлерін тастауға мәжбүр болғанын атап өтті. Бірінші рет - 1909 жылы армян қоныстарына түрік шекарасы жақтан шабуыл жасалған кезде, екінші рет - 1915 жылы жергілікті халықты түрік жасақтары жер аудартқан кезде. Ол уақытта бірнеше мың адам қаза тапты. 

"Бұл - барлық армяндарға үн қату. Бұл - бүкіл адамзатқа үн қату. Әлем шындықты білуі қажет. Эрдоған мен оның үкіметі - әскери қылмыскерлер. Бізге көмек қажет, сіздің әрекеттеріңіз қажет. Біздің өміріміз сіздердің біздің қаза таппауымыз үшін жасаған әрекеттеріңізге тәуелді. Өтінеміз, бұған үкіметтеріңіздің, БҰҰ-ның немесе бізге көмектесе алатын басқа да ұйымдардың араласуын сұраңыздар. Біздің қалайтынымыз - өмір сүру ғана. Егер сіздер үн қатпасаңыздар, бізді сұмдық өлім күтеді, бізді Алеппо, Якубиех және Сирияның басқа да қалаларындағы сияқты шімірікпестен бауыздап тастайды. Егер Кесаб тұрғындарына қауіп туралы ескертілмегенде әлем бейқам түрде кезекті геноцид актісін бақылап отырған болар еді, ал БАҚ кезекті өтірікті хабарлап жатар еді",- делінген сириялық армяндардың үндеуінде. 

Кесабтағы бейбіт тұрғындардың өлімі жайлы хабар күшті серпіліс туғызды. Американың армян ұлттық комитеті президент Барак Обамадан Түркияға қысым көрсетуді талап етті. Ресей Сыртқы істер министрлігі Кесабтағы оқиғаны айыптады. Армян ұлтының атақты өкілдері де қандастарына қолдау білдірді. Олардың арасында Ким Кардашьян, Шер, футболист Юра Мовсисян және басқалар бар. Twitter-де #SaveKassab хэштегі танымал бола бастады.
 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети