24 наурыз 2014 | 00:27

Түркия әуе кеңістігін бұзған сириялық әскери ұшақты атып түсірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Түркия қарулы күштері шекара маңында сириялық әскери ұшақты атып түсірді, - деп хабарлайды AFP. Түркия премьер-министрі Тайып Эрдоғанның айтуына қарағанда, түркиялық әскерилер бұл қадамға елдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігі бұзылғаннан кейін барған. Эрдоған жедел әрекет етіп ел аумағына рұқсатсыз кірмек болған ұшақты атып түсіргені үшін Түркия әскеріне алғысын айтты. Түркиялық БАҚ-тың мәлімдеуінше, атып түсірілген ұшақтың ұшқышына оның мемлекеттік шекара тәртібін бұзғаны ескертіліпті. Ұшқыш ескертпеге құлақ аспағаннан кейін елдің Әуе қорғаныс бөлімшесінің өкілдері оқ жаудырғанда ұшақ түтіндеп барып құлаған. Бұл оқиғаға байланысты Сирия билігі Түркияны лаңкестікті қолдаушы деп айыптап, әлгі ұшақ Сирия аумағындағы лаңкестер шоғырланған лагерлерді бомбылап жүргенін айтқан. Сирияның әскери ұшағы өз елінің аумағында ұшып жүрген. БАҚ таратқан мәліметте, ұшқыш ұшақты тастап секіріп кетуі де мүмкін екендігі айтылуда. Жалпы Қасаб ауданы аумағында Сирия үкіметі мен қаруланған оппозиция өкілдері арасында болған қарулы қақтығыстар кезінде барлығы 80-нен астам адам қаза тапқан болатын. Ол қақтығысқа ойламаған жерден Түркия әскерилері де араласып кетіп, Сирия әскерінің ұшағын атып түсірген. Ұшақ 2014 жылы наурыздың 18-і күні, яғни исламистердің Латакия провинциясына басып кіру операциясын жариялағаннан кейін барып, нысанаға алыныпты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer