Түркия әуе кеңістігін бұзған сириялық әскери ұшақты атып түсірді

24 Наурыз 2014, 00:27
0
Түркия әуе кеңістігін бұзған сириялық әскери ұшақты атып түсірді - Фото ©РИА Новости
Фото ©РИА Новости
Түркия қарулы күштері шекара маңында сириялық әскери ұшақты атып түсірді, - деп хабарлайды AFP. Түркия премьер-министрі Тайып Эрдоғанның айтуына қарағанда, түркиялық әскерилер бұл қадамға елдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігі бұзылғаннан кейін барған. Эрдоған жедел әрекет етіп ел аумағына рұқсатсыз кірмек болған ұшақты атып түсіргені үшін Түркия әскеріне алғысын айтты.

Түркиялық БАҚ-тың мәлімдеуінше, атып түсірілген ұшақтың ұшқышына оның мемлекеттік шекара тәртібін бұзғаны ескертіліпті. Ұшқыш ескертпеге құлақ аспағаннан кейін елдің Әуе қорғаныс бөлімшесінің өкілдері оқ жаудырғанда ұшақ түтіндеп барып құлаған. Бұл оқиғаға байланысты Сирия билігі Түркияны лаңкестікті қолдаушы деп айыптап, әлгі ұшақ Сирия аумағындағы лаңкестер шоғырланған лагерлерді бомбылап жүргенін айтқан. Сирияның әскери ұшағы өз елінің аумағында ұшып жүрген. БАҚ таратқан мәліметте, ұшқыш ұшақты тастап секіріп кетуі де мүмкін екендігі айтылуда.

Жалпы Қасаб ауданы аумағында Сирия үкіметі мен қаруланған оппозиция өкілдері арасында болған қарулы қақтығыстар кезінде барлығы 80-нен астам адам қаза тапқан болатын. Ол қақтығысқа ойламаған жерден Түркия әскерилері де араласып кетіп, Сирия әскерінің ұшағын атып түсірген. Ұшақ 2014 жылы наурыздың 18-і күні, яғни исламистердің Латакия провинциясына басып кіру операциясын жариялағаннан кейін барып, нысанаға алыныпты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай