1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері шетелдіктерге ЖСН бермейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері шетелдіктерге ЖСН бермейді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және басқа да шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және басқа да шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

Елшіліктің мәліметінше, шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру жөніндегі қолданыстағы пилот жобаның мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген.

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН бермейді", – делінген елшілік хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары шетелдіктер үшін eResidency бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама Қазақстанға келмей-ақ, мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматта алуға мүмкіндік береді. Соның ішінде ЖСН көрсетілген цифрлық ID-картаны рәсімдеу қарастырылған.

"Бағдарлама шетел азаматтарына Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға жол ашады, бұл елдің бизнес мүмкіндіктері мен онлайн сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады елшілікте.

Атап айтқанда, бағдарлама мыналарды қамтиды:

  • ЖСН-і бар цифрлық ID-карта алу;
  • қор нарықтарына, криптобиржаларға қол жеткізу, Қазақстан нөмірі бар eSIM рәсімдеу;
  • электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және сақтандыру қызметтерін рәсімдеу;
  • Қазақстан карталарын пайдалана отырып, банк шоттарын онлайн ашу;
  • салық резиденттігін алу мүмкіндігі және барлық төлем сервистеріне эквайринг қосу.

Шетел азаматтарына ЖСН алу мәселесі бойынша eresidency.gov.kz ресми сайтына жүгіну ұсынылады. Онда барлық толық ақпарат берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети