17 ақпан 2014 | 13:59

Қарағанды тұрғыны DarkОrbit ойынынан ғарыш кемесін ұрлаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Bsgo.ru ©Bsgo.ru

DarkОrbit компьютер ойыны аккаунтын бұзған Қарағанды тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2013 жылы ойын аккаунтын бұзып, ғарыш кемесін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 227-бабы - "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды жасау, қолдану және тарату" бабы айыпталушыға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. "Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тиісті сұраулар жолданып, тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап қайтарған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Полиция геймерлерге жеке мәліметтерінің ғаламтордың күмәнді ресурстарымен таралып кетпеуін қадағалауды ескертеді. Айта кетейік, DarkОrbit ойынында ойыншы өзара қарсылас үш компанияның бірі үшін соғысуға ғарыш кемесін таңдайды. Ғарыш кемесі аса ірі көлемдегі техниканы жойып жіберуге, жақтастарды қорғауға және барлау қызметі үшін арнайы жабдықталады. Бұл ойынның бүгінде 80 млн-нан астам адам белсенді ойыншысы бар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer