17 ақпан 2014 | 14:29

Медицина мекемелерінің 500 қызметкері жауапқа тартылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Былтыр еліміздегі медицина мекемелерінің 500 қызметкері түрлі жауапқа тартылды. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Есепті кезеңде еліміздегі медицина мекемелерінің 500 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 300-ге тарта жаза қарастырылып, ол бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды", - деді министр Салидат Қайырбекова Үкімет сағатында. Оның айтуынша, 2013 жылы министрліктің медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті бюджетке 6 млрд. теңгенің қайтарған. Тоқтала кететін жайт, жиын барысында депутат Дариға Назарбаева БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйене отырып, 2012 жылы Қазақстан денсаулық сақтаудың әлемдік индексінде 129-ы орын алғанын айтқан еді. "БҰҰ есебіне қарағанда, халықтың медицина сапасына қанағаттануы 49 пайыздан аспайды. Елбасының республика азаматтарының денсаулығына жіті назар аударғанына қарамастан, мынадай көрсеткіштердің орын алуы естен тандырады. Оның үстіне 2004 жылдан бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 5 есеге дейін артып, 2013 жылы 862 млрд. теңгені құрады", - дейді Д. Назарбаева. Депутаттың сөзіне қарағанда, өкілетті мемлекеттік органдардың тексерулері халықтың денсаулығын сақтауға бөлініп жатқан бюджет қаражаттарының тиімді жұмсалмайтынын, қомақты бөлігі "қолды болып, қымқырылып" кететінін көрсеткен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer