17 ақпан 2014 | 19:07

"Благодать" пасторы төрт жылға шартты түрде сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақытжан Қашқымбаев. ©Аzattyq.org/Светлана Глушкова Бақытжан Қашқымбаев. ©Аzattyq.org/Светлана Глушкова

Астанада "Благодать" шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаев төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы аудандық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтемемен. Бақытжан Қашқымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айыпты деп танылды. "Тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу және тиісті тәртіпті сақтау туралы қолхатпен ауыстырылды. Айыпталушыдан жәбірленуші тарап өкілінің пайдасына екі млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді", - дейді сот өкілдері. Қашқымбаев төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оның үш жылы - сынақ мерзімі. Үкімге сәйкес, 2011 жылдың маусым айында пастор "Благодать" шіркеуіне келуші Ләззат Әлменованың психикасына ұзақ уақыт бойы әрі үздіксіз әсер етіп отырған, бұл жәбірленушінің шизофренияға ұшырауына әкеліп соққан. Мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша сот айыптаудан "Терроризмді немесе экстремизмді насихаттау не көпшілікті терроризм актісін жасауға немесе экстремизмге шақыру" бабын алып тастады. Еске сала кетейік, 67 жастағы пастор өткен жылдың мамыр айында ұсталған болатын. Астананың 34 жастағы тұрғыны Ләззат Әлменова оның шіркеуіне ұзақ уақыт барғаннан кейін ауруханаға түсіп, оған "параноидты шизофрения" диагнозы қойылды, мұндай ауруға ұшырағандардың өз-өзіне қол салуы мүмкін. Құқық қорғау органдарына Әлменованың туыстары шағымданған, ал жәбірленушінің өзі болса, шіркеуден денсаулығына нұқсан келгенін мойындамайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer