18 ақпан 2014 | 14:48

Шаңғы трамплині кешенінің мердігері қазына қаржысын жымқырған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені мердігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласының қаржы полициясы "2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің орындау дирекциясы" АҚ Телерадиотаратылым және медиатехнология басқармасының басшысы Айдар Мусинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігі, "б" тармақшасы және 310-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл - "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету" және "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары. Тергеу барысында Айдар Мусин «2011 жылғы 7 Азиядалық ойындарын Ұйымдастыру комитетінің Орындау дирекциясы" АҚ (акционерлік қоғамның 100 % үлесі мемлекеттікі) телерадиотаратылым және медиатехнология басқармасы басшысы лауазымында отырып, 2009 жылдың тамыз айында өзіне бағынышты Q-Service серіктестігін туысқандарының атына тіркеген, ал негізігі қаржылық-шаруашылық қызметін өзі жүргізіп отырған. Қаржы полициясының тергеу басқармасының бастығы Амангелді Иманғалиевтің айтуынша, Q-Service ЖШС-і Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін жоспарлау және телекоммуникациялық жүйелерді қамтамасыз ету қызметтерін іске асыратын мердігерлік компания атанған. Тапсырыс беруші - "2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің орындау дирекциясы" АҚ. Мусинге тиесілі мердігер компанияға 2009 жылдың 9 қыркүйегінен 2012 жылдың 9 қазанына дейін тапсырысты орындау үшін 1,4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Тергеудің мәліметінше, Мусин Q-Service серіктестігінің шартты түрдегі директорларына нұсқау бере отырып, бөлінген соманың 600 млн теңгесін жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырған. 14 ақпан күні Айдар Мусин Алматы қаласы Медеу ауданы сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары басталды, іс материалдары наурыз айында сотқа жолданады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer