19 ақпан 2014 | 10:17

Өскемен дүкендерінде қант тапшылығы сезілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Өскемендік тұрғындар қант өнімдері түрлерін жаппай сатып алып жатқандықтан, дүкен сөрелерінде қант өнімдері қалмады, деп хабарлайды "31-ші арна" тілшілері. Өскемендіктердің "сатып алу қабілетінің" осыншалық деңгейде бірден артып кетуіне, әлдебір зейнеткердің жарты тонна құмшекерді сатып алуға кенеттен тапсырыс беруі себеп болса керек. Оны көрген қала тұрғындары қарызданса да, өнімнің осы түріне деген сұранысты одан әрі арттырған. Осыған байланысты қойма басшылары әр тұрғынға бір мөшектен артық қантты сатпауға келіскен. "Диапазон" газеті таратқан мәліметке қарағанда, мұндай жағдай Ақтөбеде де қайталанған. Ақтөбеліктер қанттан бөлек күнделікті тұтынатын басқа да азық-түлік түрлерін шамалары келгенше сатып алуда. "Облыста ұнға деген сұраныстың кенеттен артып кетуіне байланысты оның көлемі де азая түскен. Тұрғындар арасында туындаған дүрбелеңнен ортадағы алыпсатарлар айтарлықтай пайда көріп отыр. Осыған байланысты біз қаладағы ең үлкен екі супермаркетке тұрақтандыру қорындағы ұнды жеткізіп беріп отырмыз. Ол ұндар шағын пакеттерге салынып, келісі 47 теңгеден сатылуда. Біз мұндай қадамға амалсыздан барып отырмыз", - деді қалалық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Анар Даржанова. Оның айтуынша, облыс билігі жергілікті тауар бағасын бақылауда ұстауда. Ал антимонополия мекемесіндегілер тауар түрлері бағасын негізсіз көтеріп жіберген жеткізушілерден қазірдің өзінде түсіктеме берулерін талап етуде. Осыған қарамастан, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының тұрғындары ауданда нанның бағасы 65-тен 70 теңгеге қымбаттап кеткенін айтуда. "Әкімдіктегілер облыста ұн жеткілікті мөлшерде, ал тапшылық бола қалған жағдайда Қостанай облысынан жеткізілетін болады деген еді. Алайда нақты шара қолданылмағандықтан баға өсіп барады", - деді аудан тұрғыны. Бұған дейін Павлодарда да қантқа сұраныс артқанда, жергілікті билік сауда нүктелеріне қант мөлшерін сұранысты толықтай өтейтіндей көлемде жеткізіп берген болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer