19 ақпан 2014 | 11:35

Астанада табылған егіз көліктің бірі Мәскеуден ұрланған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ашық ақпарат көзінен алынды Фото ашық ақпарат көзінен алынды

Астанада пайда болған егіз автокөліктің бірі Мәскеуден ұрланған, бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "9 ақпан күні Сарайшық көшесінде жалған мемлекеттік нөмірі бар, агрегаттық мәліметтері ұрылып-соғылған ақ түсті Mazda CX-7 табылғанын хабарлаймыз. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл автокөліктің өткен жылдың 22 мамырында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан ұрланғаны анықталды", - дейді департаменттің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта астаналық тәртіп сақшылары Ресейдің Ішкі істер министрлігіне осы жайтқа байланысты қатынасхат жолдаған, сонымен бірге, трасологиялық сараптама тағайындалды. Тексеру жүріп жатыр. Еске сала кетейік, өткен аптада Астанада жас жігіт Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жанынан өз көлігінен аумайтын машинаны байқаған, ол көліктің маркасы ғана емес, мемлекеттік нөмірлері де бірдей болып шықты. Кейін Астанада мемлекеттік нөмірлері бір-бірінен аумайтын тағы екі автокөлік анықталды. Рулінде әйел адам отырған Land Rover-дің мемлекеттік нөмірі жалған болып шықты. Жол-патруль полицейлерінің мәліметінше, биыл жалған мемлекеттік нөмірі бар көліктер бес рет анықталған, төрт дерек толық әшкереленді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer