Тұрғындардың дені әкімнен баспана беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғындардың дені әкімнен баспана беруді сұрады ©Нұрғиса Елеубеков

Халыққа есеп беру кезінде әкімге сұрақ қойған Астана тұрғындарының дені баспанаға алаңдайтынын білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қаласы әкімінің есебі барысында мүгедек бала бағып отырған, сондай-ақ баспанаға мұқтаж көп балалы аналар баспана болмаса да әлеуметтік жатақхана мәселесін шешіп беруді сұрады. Тіпті, жалға алып отырған жер телімінің мерзімін создыруды өтінгендер де болды. Алайда әкім жер өзінің жеке меншігі еместігін, оның тегін берілмейтінін тұрғындар қаперіне салды. Сондай-ақ, оны сатып алуға болатының атап, ел экономикасына байланысты бәріне бірдей жер мен баспана үлестіру мүмкіндігінің шектеулі екендігін жеткізді. "Қазір Астана қаласы бойынша пәтерге мұқтаж жандардың саны 175 мыңды құрайды. Оның ішінде 25 мыңы мүмкіндігі шектеулі және мүгедек бала бағып отырған отбасылар санатында. Біздің тізімде бір мүгедек бала емес, үш кемтар жанды бағып отырған отбасылар бар. Сондықтан жағдайды дұрыс түсініңіздер", - деді Иманғали Тасмағамбетов. Мұндай мәселелерді шешу оңайға түспейтіндіктен әкім қаладағы ірі кәсіпкерлерді қайырылымдылық шарасына тартып, отбасында мүгедек бала бағып отырғандарға жалпы саны 74 пәтер сыйлаған. "Мұндай игілікті шаралар алда жалғасуы мүмкін. Ал тек ол санаулы адамға ғана беріледі" - деді әкім.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети