Параны ең көп алатын кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Параны ең көп алатын кім? ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Наталья Малярчук сыбайлас жемқорлыққа бейім мамандарды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Әрине, дәл қазір Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда әлі күнге шешілмей жатқан мәселелер көп. Мәселен, біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, сот жүйесінде жемқорлық аз емес. Қазақстан азаматтары әлі күнге дейін сотты жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекеттік орган ретінде атайды. Құқық қорғау органдары да, нақты айтсақ, полицияның жұмысына қатысты арыз-шағымдар да жиі түседі", - деп атап көрсетті Н.Малярчук. "Транспаренси Қазақстан" қорының өкілі атап көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық әлемнің барша мемлекеттеріне ортақ проблема. Бүгінде дүниежүзі бойынша әрбір төртінші адам пара береді. "Сондықтан сыбайлас жемқорлық үшін тек Қазақстанды ғана кінәлауға болмайды. Бұл қоғамдық дертті бірлесіп шешу керек. Оны жай жамандағаннан гөрі сын тезіне салып қана қоймай, нақты бір ұсыныс бере білген жөн", - дейді Н.Малярчук.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети