Автобуста былапыт сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобуста былапыт сөз айтқан әйелге айыппұл салынды ©Нұрғиса Елеубеков

Семей қаласының тұрғынына автобус жүргізушісін боқтағаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот органының мәліметінше, айыпты әйел қалалық автобуста өзге адамдардың көзінше жүргізушіге былапыт сөз айтқан. "Автобус әйел қалаған жерге тоқтамаған соң жанжал шыққан, сол кезде әйел жүргізушіні былапыт сөзбен балағаттаған", - дейді соттың баспасөз қызметі. Әйел төңірегіндегілерді сыйламағанын байқатып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол ұсақ бұзақылығы үшін айыпты деп танылды. Соттың шешімімен оған үш АЕК көлемінде, яғни 5556 теңге айыппұл салынды. Еске сала кетейік, осындай оқиға Шығыс Қазақстан облысында бұған дейін де тіркелген еді. Кішкентай балалары бар екі әйел өзара керісіп қалып, өзге адамдардың көзінше бір-біріне боқтық сөз айтқан. Олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети