19 ақпан 2014 | 18:08

Алдағы күндері қар жауып, су деңгейі көтеріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ақпанның 20-22-сі күндері еліміздің көп облысының аумағында қар жауады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мамандарына сілтеме жасап. Бұған дейін болжанғандай, Қазақстан аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінде туындаған циклон келіп, көп облыста жауын-шашынның, әсіресе қардың жаууына себеп болады. "Оңтүстікте және батыста күн тұманды болып, солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда боран соғады, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, сонымен бірге, ауа температурасы қалыпты мөлшерден 3-8 градусқа жоғары болады", - делінген хабарламада. Мамандар бұған дейін Қазақстан аумағында суық ауа райын ұстап тұрған қуатты антициклонның бұзылып, Моңғолия аумағына қарай жылжи бастайтынын хабарлаған еді. Сөйтіп, еліміздің аумағында аязды жылы температура алмастырады. Метеорологтердің мәліметінше, алдағы күндері температура фонының жоғарылауына байланысты еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде өзен-сулардың мұзы жұқарады. Сырдарияда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы басқа да жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer