20 ақпан 2014 | 11:50

Жалмағамбетова Ұлттық банк төрағасының кәсібилігіне күмән келтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк басшысының атына сауал жолдаған депутат Светлана Жалмағамбетова бас банкирге назын айтып, оған жұртшылық алдындағы абыройын сақтап қалуды ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Конституцияға сәйкес, Ұлттық банк басшысын тағайындауға Парламент Сенаты келісім береді. Осы мәселені еске салған сенатор Светлана Жалмағамбетова, былтырғы жылдың 10-қазанында Сенатта кандидатураны талқылау барысында теңге бағамының тұрақтылығына қатысты сауалдар қойылғанын да еске салды. Сосын Ұлттық банк басшысының жауабына да тоқталды. "Кәсібилікке салып жауап берсеңіз де болатын еді, алайда Сіз сөзбе сөз мәлімдедіңіз. Теңгенің құлдырауына қатысты қобалжудың негізі жоқ екенін айттыңыз, айырбас бағамына әсер ететін іргелі факторлардың - мұнай бағасы мен ресей рублі бағамының өзгермегенін ескерттіңіз. Бұны 21 қаңтардағы брифингте тағы қуаттадыңыз. Расында да, мұнай бағасы өзгерген жоқ, ресей рублі былтырғы жыл бойына 7,1 пайызға ғана құлдырады. Алайда, 11 ақпанда аяқ астынан теңгенің айырбас бағамы 20 пайыздық девальвацияға ұшырады. Ал журналистер алдында Сіз біресе бұны сол күні таңертең білгеніңізді, біресе бұл шешім жарты жыл бойы дайындалғанын айттыңыз. Сонда бұдан қандай қорытынды шығаруға болады: Сіздің кәсібилігіңізде, не этикаңызда проблема бар. Сіз Қазақстан халқын ғана емес, биліктің ресми органы – ҚР Парламент Сенатының депутаттарын да "адастырдыңыз". Сізге сенген депутаттар тағайындауға да келісім берген болатын. Енді бұдан кейін өзіңіз алдап қана қоймай, бұған қатысты еткен Парламкентке қай бетіңізбен келесіз, депутаттармен қалай сөйлесесіз? Бұдан кейін Сіздің сөзіңізде қандай құн қалды?", - деді сенатор С. Жалмағамбетова. Сонымен қатар, сенатор теңге девальвациясы қаржылық шешім екенін айта келе, оның әлеуметтік салдары зор екеніне тоқталды. Осыны ескеріп, Мемлекет басшысының ағымдағы жылдан бастап жәрдемақылар мен жалақыларды, шәкіртақыны көтеру туралы жедел шара қабылдағанын жеткізді. "Сізге де Елбасыдан үлгі алып, банктік саланы реттеуіңіз керек. Девальвацияның нәтижесінде теңгемен жинақ салған қазақстандық салымшылардың қоры 20 пайызға құнсызданды. Бұл бүгінгі күні теңгелік депозиттердің жаппай кетуіне, банктердегі жағдайдың нашарлауына соқтығып жатыр. Қандай да бір банктердің жабылатындығы туралы қауесеттер де салымшылардың осыған қатысты жасаған "ишараты". Ал сіздің "арандатушыларға" қарата айтқан айбатыңыз, телеэкраннан жасаған мәлімдемеңіз ешкімді де сендіре алмайды. Нақты әрекет керек", - деген Светлана Жалмағамбетова жеке тұлғалы салымшыларды барынша қолдау қажеттігін ескертті. "Осы үшін ұлттық валютада салым жасағандардың сыйақысын 13-14 пайызға дейін арттыру қажет. Қолданыстағы қазіргі пайыздарды инфляция "жұтып" қояды. Ал бұндай шешім арқылы Сіз өзіңізге сенген, сөзіңізге сенген, сосын өзіңіз "лақтырып" кеткен жұртшылық алдында абыройыңызды сақтап қалар едіңіз. Сонымен қатар, бұл ұлттық валютаға, жалпы банктерге деген сенімділікті қалпына келтірер еді", - деп түйіндеді сенатор өз сөзін.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer