Теміржолда мұнай өртіне жол берген жүргізушінің соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміржолда мұнай өртіне жол берген жүргізушінің соты басталды Оқиға орнынан. Сурет ©tengrinewstv

Маңғыстау облысында пойызбен соқтығысқан жанармай тасымалдаушы көлік жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды, бұл туралы Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз хатшысы Алмаз Қуанбайға сілтеме жасап деп хабарлайды. Сот тыңдауы Мұнайлы аудандық сотында басталды. Бензовоз жүргізушісі "Көлік басқаратын адамның жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін абайсызда адам өліміне соқтыра отырып бұзуы" бабы бойынша айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сонымен бірге, көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылады. Айыпталушы денсаулығына байланысты сотқа келе алмады, сол себепті отырыс 26 ақпанға ауыстырылды. Бұл іс бойынша 20 куәгер өтеді. Оқиғаның өзі 2013 жылдың 16 қарашасында болған еді. Ақтау маңында бензовоз мұнай өнімдері тиелген цистерналары бар жүк пойызына соқтығысып, оның арты алапат өртке ұласқан еді. Пойыз машинисі ауруханаға түсіп, оның көмекшісі оқиға орнында қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети