20 ақпан 2014 | 13:34

Өскеменде Отандастар форумы өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бейтарап сурет.  ©Нұрғиса Елеубеков Бейтарап сурет. ©Нұрғиса Елеубеков

Өскеменде еліміз бойынша тұңғыш рет ата жұртқа қоныс аударып, көшіп келген отандастарымыздың "Отандастар" атты облыстық форумы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің этникалық көші-қон басқармасының басшысы Марат Тоқсамбаевтың қатысуымен өткен форумға облыстың әр ауданынан келген қандастарымыз қатысып, басқосуда туған жерде тұрмыс кешіп жатқан ағайынның тыныс-тіршілігі, болашағы жан-жақты сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Шығыс Қазақстан аумағына 1991 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең ішінде 14 мың 226 оралман отбасы көшіп келген көрінеді. Яғни, 54 мыңнан астам адам. Келген ағайындардың ішінде 402 адамның жоғары, 12 мың 600 адамның орта білімі бар. "15 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты, жергілікті атқарушы органдар арқылы 699 адам үймен қамтамасыз етілді. "Нұрлы көш" бағдарламасына сәйкес Өскемен қаласы маңынан қандастарымызға арналып 463 үй, Курчатов қаласынан 140 пәтерлі үш үй салынып, толығымен қоныстандырылды", - дейді Нұрымбет Сақтағанов. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті этникалық көші-қон басқармасының басшысы Марат Тоқсанбаев форум барысында еліміздің қандастарға есігі әрқашанда ашық екенін, көші-қонның тоқтамайтынын жеткізді. "Әлемде төрт мемлекет - Германия, Израиль, Қазақстан мен Ресей ғана отандастарын қайтарып алып жатыр. Қазақстан өз отандастарына есігін жапқан емес, қабылдау да жалғаса береді. Былтыр "Халықтың көші қоны туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазір оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық актілері, қаулылары даярланып жатыр. Сол заңды құжаттардың бірінде оралмандар көшіп келетін өңірлер айқындалып, ол өңірлер қазір алдын ала бекітілді. Айқындалған алты облысқа: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстары кіріп отыр. Көшіп келушілер алдымен тұрақты тіркеуге тұрып барып қана оралман мәртебесін, тиісті әлеуметтік көмектерді алады. Олар тұрақты тіркелген жерінен бес жылға дейін Қазақстан ішінен басқа ешқайда көшпеуі тиіс. Өйткен жағдайда берілген көмектердің бәрін қайтаратын болады, - деді Марат Тоқсамбаев. Форум барысында қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізіліп, елге келіп еселі еңбек етіп жатқан отандастар, кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері облыс әкімінің мақтау грамотасымен марапатталды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer