20 ақпан 2014 | 14:25

Министрлік дәрі-дәрмек бағасын көтеруге рұқсат бермеген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жуырда қабылданған меморандум аясында дәрі-дәрмектер бағасын көтеруге рұқсат беріпті" деген қауесет еш шындыққа жанаспайды", - деп хабарлайды, Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі керісінше, халық күнделікті тұтынып отырған бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектердің бағасын ұстап тұруға мүдделі. Осы мақсатта меморандум да қабылданған болатын. Екінші тарап, яғни халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді мойнына алған қауымдастықтар 224 түрлі тауарға қойылған шекті бағаны өзгертпеуге міндеттеме алып отыр. "Сонымен қатар, бұл дәрілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізімінде жоқ және бұлар үлкен сұранысқа ие. Олардың бағалары бұрынғы қалпында қалады және меморандумға сәйкес дәрілер көлемі көбеймесе, азаймайды", - деп атап өтті құзырлы сала. Естеріңізде болса, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова "Фармқызметті қолдау және дамыту қауымдастығымен", фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторларымен, фармацевтикалық фирмалар өкілдіктерімен, "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" қауымдастығымен, "Ұлттық денсаулық сақтау палатасы" ЗТБ дәрілік құралдарға бағаны ұстап тұру туралы Меморандумға қол қойған болатын. Денсаулық министрлігінде хабарлағандай, меморандумға қол қоюдағы мақсат - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмеген, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар жиі қолданатын 200-ден астам дәрілерге баға шегін белгілеу және дәрілерге қойылатын үстеме бағаны төмендетуге бағытталған өзге де іс-шаралар қабылдау. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эрик Байжүнісов Орталық коммуникациялар қызметі өткізген басқосуда "дәріханаларды ұдайы тексеріп тұрамыз" деп уәде берген. "Әзірге екі дерек тіркелді. Шығыс Қазақстан обылысындағы екі дәріханада осындай жағдайға жол берілген екен, екеуіне де шара қолданылды", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Ал күні кеше отандық БАҚ-тарда "құзырлы министрлік дәріханаларға бағаны 100, тіпті одан да көп пайызға көтеруге рұқсат беріпті" деген ақпарат тарап кетті. Айтпақшы, Ұлттық банк долларды босатқаны сол еді, бірқатар сауда орындары тауар бағасын қайта қарауда қарап қалмады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer