20 ақпан 2014 | 20:58

Дәрігерлерге жала жапқан қостанайлық әйел моральдық шығын төлейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Қостанай облысының Новонежинка ауылының тұрғыны Татьяна Кузнецова перзентхана дәрігерлеріне жала жапқаны үшін 150 мың теңге моральдық шығын төлейтін болды деп жазады "Наша газета". Әулиекөл аудандық соты әлеуметтік желідегі жазбасы үшін оған айыппұл төлеу жазасын берді. 49 жастағы Кузнецова "Одноклассники" желісінде "Әулиекөлде перзентханада сәбилерді алмастырып қояды. Олар - Л.А.Петрова, Н.И.Морковина, Ш.Б,Қорғамбековалар. "Класс" белгісін басыңыздар, барлық аналар көрсін" деп жазған. Әйелдің бұлай жазуына немересінің қайтыс болуы себеп. Кузнецованың қызы Марина болса, Қостанай облысы әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогына хат жазып, 2013 жылы 11 қыркүйекте босанғаннан кейін өз сәбиін бір-ақ рет көргенін баяндаған. Ал содан кейін дәрігерлер өзге баланы көрсетіпті-міс. "Ол өлшемдері жағынан тым үлкен болды, мен туған, туу бөлмесінде көрген сәбиге ұқсамайды", - деп жазды әйел. Оның айтуынша, дәрігерлер берген сәби екі күннен соң қайтыс болған. Кузнецованың әрекетіне қарсы жазған шағымында дәрігерлер жала үшін әрқайсысына бір миллион теңгеден моральдық шығын өндіруді сұраған. Бұл қаражатты дәрігерлер "Дельфин" сәбилер үйіне аударуды жоспарлаған. Олардың мәліметінше, оқиғада қылмыс құрамы болмағаннан кейін қылмыстық іс қозғалған жоқ, ал жаңа туған сәби, шынымен де, Марина Кузнецованың баласы. Аудандық сот моральдық шығынды әр дәрігерге миллион теңге емес, 50 мың теңге деп белгіледі. Дәрігерлердің шағымынан соң Кузнецовалар олармен мәмілеге келмек болған екен. Бірақ қатты өкпелеген перзентхана қызметкерлері райынан қайтпаған. Сот Кузнецоваға "Одноклассники" желісінде арызданушылардан кешірім сұраған мәтін орналастыруды міндеттеді. Ал оның адвокаты болса, дәрігерлердің сәбиі қайтыс болған анаға көңіл айтпағанын және ананың ауыр жағдайда болғанын ескермегенін алға тартып отыр. Сонымен бірге, адвокаттың айтуынша, дәрігерлер сотта Марина Кузнецованың ауруы туралы ақпаратты жария етіп, дәрігерлік құпия туралы ережені бұзған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer