Ciné Junior кинофестивалінде "Бауыр" фильмі марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ciné Junior кинофестивалінде "Бауыр" фильмі марапатталды "Бауыр" фильмінен кадр.©kazakhfilmstudios.kz

Серік Апрымовтың "Бауыр" фильмі Францияда өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған Ciné Junior 24-халықаралық кинофестивалінде арт-хаус фильмдер конфедерациясының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Байқаудың гран-при жүлдесін франциялық Карим Муссауидің "Таяуда" ("Накануне") атты фильмі жеңіп алды. Ең үздік толықметражды фильм деген атаққа Дэниэл Боргманның "Тілдер салмағы" (Дания, Жаңа Зеландия, Германия, Франция, Швеция) атты картинасы лайық деп танылды. Ciné Junior кинофестивалі балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдерді дамытуға арналған. Естерңізде болса, 2010 жылы аталған байқауға Рүстем Әбдірашевтің "Құрақ көрпе" картинасы қатысқан болатын. Сол уақытта фильм CICAE төрешілерінің арнайы жүлдесіне және Ромен Роллан атты жазушының есімін иеленген лицей оқушыларының таңдауымен "Үздік картина" деген атқа ие болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети