21 ақпан 2014 | 14:31

ҚР ІІМ басшысына Украина азаматтарынан ескерту хат келіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қалмұханбет Қасымов. Фото - Марат Абилов© Қалмұханбет Қасымов. Фото - Марат Абилов©

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогына Украина азаматтарынан ескерту хат келіп түсіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Еліңізде Украина сценарийінің белең алуына жол бермеуді өтінеміз. Біз де қамсыз болдық, әлеуметтік желілерге бөтен қарапайым көрінетін "пабликтерді" жіберіп алдық. Осылайша наразылық іс-қимылы дайындалады және адамдар да наразылыққа дайын болады" деп жазады өзін Галина Малышева деп атаған біреу әрі әлеуметтік желілерде пайда болған белгілі бір топқа көңіл бөлуді сұраған ол: "Біз басымыздан өткеріп жатқанды Қазақстанның басына бермесін деп тілейміз" дейді. Өз кезегінде Қазақстан Ішкі істер министрлігі экстремизм мен ұлтаралық арандатушылық пен қастастықты туындату фактілеріне, соның ішінде Интернеттегісіне де қарсы шұғыл түрде әрекет ету бойынша шаралар қабылданып жатқанын жеткізген. "Сізге азаматтық ұстанымыңызды танытқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сіз жеткізген ақпарат негізге алынды, қазір осыған қатысты тексеру жүргізіп жатырмыз" делінеді Қасымовтың жауабында. Тағы осындай мағынадағы бір хабарлама сол күні сайтқа орналастырылған. Ол өзін София Левченко деп таныстырыпты. "Менің елімді, Украинамды шетелдіктермен қаржыландырылып, жалданған, біздің менталитетіміз бен мәдениетімізге мүлде жат агрессивті жауыздар жұлмалап, бөлшектеп жатыр. Сіздер де осыны қалайсыздар ма? Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс мысалындағы осындай технология қазір барша әлемге мәлім. Сізге, жоғары деңгейлі кәсіби адам үшін бұл жаңалық та емес болар" деп жазған автор өз кеңесіне құлақ салуды сұрап, алғашқы хатта көрсетілген әлеуметтік желілердегі парақшаларға айырықша көңіл бөлуді өтінген. "Мен сыртқы бақылаушы ғанамын, мұнда - мұрын астынан болашақ наразылық электораты дайындалып жатқанын ап-анық көріп тұрмын. Бізде де барлығы осылай басталған. Бір қарағанға әлеуметтік желілердегі "пабликтер" сондай қауіпті емес сынды. Мұндай сценарийді белең алғаннан кейін тоқтатуға ұмтылғаннан гөрі, басынан тұншықтырып тастаған оңай. Егер Сіз халқыңызды бағаласаңыз, оларға мұндай болашақ тілемейтіндігіңізге сенімдімін" дейді өз қобалжысын Украинадан білдірген автор - София Левченко. ІІМ бұл хатқа да алдыңғысындай жауап қатқан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer