Астаналық тұрғын баласын 5 жыл мектепке жібермеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық тұрғын баласын 5 жыл мектепке жібермеген ©РИА Новости

Астаналық тұрғын баласын 5 жыл бойы мектепке жібермеген деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" газетіне сілтеме жасай отырып. Елордаға әйел 2 ұлымен Степногорск қаласынан көшіп келген. Қазір балалардың үлкені 12 жаста, кішісі 8 жаста. Балалардың екеуі де ешқашан мектеп партасына отырып көрмепті. Мектеп жасындағы балалардың анасы тұңғышының құжаты дұрыс болмағанын айтып ақталады, ал екінші ұлының құжаты түгел болса да, ол мектепке бармаған. Мектепке бармай жүрген ағайынды балаларды кезекті рейд кезінде полиция қызметкерлері мен балалар құқығын қорғау басқармасының қызметкерлері анықтаған. Олар бірнеше күн бұрын балаларды мектепке апарып, бірінші сыныптың партасына отырғызды. Балалардың үлкені психиатриялық ауруханада тексеруден өтеді. Тек содан кейін ғана оның қарапайым мектепке баратыны немесе арнайы оқу орнына баратыны белгілі болмақ. Шенеуніктер жедел түрде баланың құжаттарын жасауда. Балалардың анасы неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз, әйел ішімдік ішпейді, жұмыс істейді, балаларына көңіл бөледі екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети