20 қаңтар 2014 | 14:10

Сот "Қорғас ісі" бойынша 600 бейнематериалды қарайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Қорғас ісі" 1500-ден астам томнан тұрады. Фото ©Владимир Прокопенко "Қорғас ісі" 1500-ден астам томнан тұрады. Фото ©Владимир Прокопенко

Сот "Қорғас ісі" бойынша 600 дискіден тұратын бейнематериалды зерттеуі керек, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметінен хабарлады. "Қорғас ісі" Алматының 18-ші тергеу изоляторы ғимаратында қаралып жатыр. "Айыпталушылардан жауап алу түгел аяқталды. Енді бейнематериалдарды зерттеу жүріп жатыр. Олар көп. 600 диск. Бүгін сот отырысы болмады. Дүйсенбіде сот тыңдаулары жалғасады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Бұған дейін осы іске қатысты айыпталушылардың бірінің өзін жайсыз сезінгені хабарланған болатын. Оның қан қысымы көтерілген. Шекарада ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрып, экономикалық контрабандамен айналысқаны үшін айыпталған Нұрғазиевтің адвокаты Нығмет Саламатов қорғауындағы азаматты тергеу изоляторынан ауруханаға ауыстыруды сұрайды. Осы оқиғаға байланысты сот тыңдаулары кейінге қалып келді. "Қорғас ісі" бойынша сот отырысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Процеске 45 айыпталушы қатысып жатыр, олардың үшеуі ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен босатылған, сонымен бірге, 600-ге жуық куәгер мен 48 адвокат және айыпталушылардың 38 қорғаушы өкілі бар. Қылмыстық іс 1500-ден астам томнан тұрады. Төрағалық етуші судья - Советхан Сәкенов. "Қорғас" бекетіндегі жемқорлық 2011 жылы анықталды. Қаржы полициясы шекарада кең ауқымды контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев, "Қорғас" кеден бекетінің бастығы Бақытжан Айдаров, сәл кейінірек Қырғызстанда Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманбек Артықбаев және басқалар ұсталған еді. Сот отырысы кезінде айып бес баппен тағылды: "Экономикалық контрабанда", "Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қоғамдастық құру және басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу", "Заңсыз жолмен алынған қаражатты немесе басқа мүлікті заңдастыру", "Билікті теріс пайдалану" және "Қызметтік уәкілеттігін теріс пайдалану".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer