20 қаңтар 2014 | 14:17

Алматыда Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 ©Айжан Түгелбаева ©Айжан Түгелбаева

Алматыда Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі ашылды. Қазақтан шыққан тұңғыш суретшінің мұражай-үйі 1958-1973-ші жылдары өзінің бала-шағасымен тұрған үйдің ішінен ашылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Көрмеден келушілер суретшінің әр жылдарда салған ең танымал туындылары мен графикалық жұмыстарын көре алады. Сондай-ақ көрмеге Әбілхан Қастеевтің фотосуреттері, құжаттары мен өзі пайдаланған жеке заттары да қойылған. Мұражай-үйдің ішінде көпшіліктің қызығушылығын тудырған жер - суретшінің жылдар бойы өзінің туындыларын салып, сызған шеберхана-бөлмесі. Мұражай-үйдің ашылуына суретшінің кіндігінен тараған балалары бір кісідей атсалысты. "Бұл тарихи үйде кезінде қаншама танымал тұлғалар, атақты суретшілер болмады десеңізші. Менің әкем табиғатынан өте қонақжай адам болатын. Біздің үйде бір мезетте үнемі екі-үш жерде қатар шай қайнап, тамақ істеліп жататын. Біз келген қонақтарды қуана-қуана күтіп жіберетінбіз", - деп еске алды әке жолын қуған кіші қызы Гүлназия Қастеева. Г.Қастеева сондай-ақ бұл үйде қалалық зиялы қауым өкілдері сурет өнері, қала берді жалпы өнердің жайы мен болашағын талқылау үшін жиі басқосып, әңгіме дүкен құрып отыратындығын айтты. "Бұл үйге әсіресе Нұрғиса Тілендиев, Мартирос Сарьян, Сара Жиенқұловалар жиі келетін, Рокуэлл Кент те болды. Сондықтан әйгілі суретшіден жәдігер болып қалған осы үйге жаңа өмір сыйлап, көпшілікке ортақ жерге айналдыруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Әрине алдағы уақыттарда мұражай-үйге заманға сай жөндеу жұмыстарын жүргізуді де жоспарлап отырмыз", - деді Ә.Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттік өнер мұражайының директоры Бақыт Сералиев. Мәдени орынның ашылуына арнайы келген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Базарбай Алтаев министр тарапынан мұражай аумағын абаттандыруға қажетті қаржының бөлінуіне атсалысатындығын жеткізді. "Шүкір бұл мұражай да ашылды. Егер мұражайға қажетті барлық жағдайды жасай алсақ, Алматы ғана емес жалпы Қазақстан бойынша да ең көрікті мәдени орынға айналары анық", - деді Алтаев мырза. Атап өтейік, биыл, яғни 2014 жылы Ә.Қастеевтің туғанына 110 жыл толуына орай жер-жерлерде ғылыми конференциялар өтіп, "Суретші және заман" тақырыбында ретро көрме ұйымдастырылатын болады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer