24 ақпан 2014 | 10:06

Денис Тен: Қазақ мәдениетін әлемге танытқым келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін таңсәріде Алматыға Сочи Олимпиадасындағы жалғыз қазақстандық медальдің иесі, Олимпиаданың қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен келді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оны әуежайда қалың жұртшылық айрықша ықыласпен қарсы алды. "Мен қазақстандық жанкүйерлердің адам айтқысыз үлкен қолдауын сезіндім. Маған қолдау көрсету үшін Сочиге Қазақстаннан есепсіз адам келді. Сайыстан кейін жерлестерімнің көбімен таныстым, мұндай жағдай бірінші рет болып тұр, қатты қуандым", - деді Денис Тен. Жас спортшы Мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіретінін айтты. "Сочиде жүргенде және Сочиге дейінгі жолымда Нұрсұлтан Әбішұлы зор қолдау көрсетті. Ең бірінші кездескен кезде ол менің Азиададағы медалімді алып, оның жуық арада әлемдік деңгейдегі медальға айналуын тіледі. Сол жылы мен әлем чемпионатында екінші орын алдым. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың миссиясын орындағанымды түсіндім. Қазақстан халқы Ассамблеясында Нұрсұлтан Әбішұлы залдан шығып бара жатқанда менің қасыма аялдап, сәттілік тіледі, Сочиде табысты өнер көрсетуді тіледі, жаңа келе жатып бұл жолы тағы да Президент миссиясын орындадым деп ойладым. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш, үлкен құрмет. Нұрсұлтан Әбішұлының өсиеті әрқашан менің санамда болған. Басымда қиын жағдайлар болған кезде мен өзімді күллі ел қолдайтынын еске аламын", - деді Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері. Денис Тен журналистердің сұрағына жауап бере отырып, келешекте қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысу ниеті барын жеткізді. "Көрнекі орындауларға үздік мәнерлеп сырғанаушылар ғана қатысады, бұл – үлкен дәреже. Мұнда қазылар болмайды, спортшылар жан рахаты үшін өнер көрсетеді. Мен қазақ музыкасын алып шықтым, ол Қазақстанға арнауым болды, "Тұран" тобының композициясы - домбыра мен қобыз үні естілді. Алдын ала мәлімет бойынша, көрнекі орындауларды 3,5 млрд адам тамашалады. Демек, сонша адам қазақ мәдениетімен аз да болса танысты, менің мақсатым да сол еді, әлем халқы Қазақстан туралы білсе екен деймін. Гала-концерттен соң көп хат алдым, бәрі "бұл қандай музыка?" деп сұрап жатыр. Қазақстанға қызығушылық білдіріп жатыр. Мен өзімді споршы ғана емес, мәнерлеп сырғанау жөнінен спорт елшісі ретінде көрсетпекпін. Қазақ мәдениетін, республикамыздың ерекшеліктерін әлемге танытқым келеді", - деді мәнерлеп сырғанаушы. Ол "Денис және оның достары" думанды бағдарламасын жалғастыруды армандайтынын айтты, шоуға қатысуға дүниежүзінен тілек білдіріп жатқандар бар екен. Денис Тен өзінің алдағы жоспарларымен де бөлісті. Алматы қаласын 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткерлер қатарына қосу жөніндегі комиссияның құрамына мүше болған ол енді жаттығулармен бірге оңтүстік астананың осы халықаралық тендерде ұтып шығу үшін не істеуі керектігін ойластырмақ. Сонымен бірге, балаларға тегін шеберлік дәрістерін өткізгісі келеді. Ал наурыз айында өтетін әлем чемпионатына қатысу-қатыспауын бапкерімен бірге ақылдасып барып шешетін болады. "Қола медаль, әрине, мен үшін ақырғы мүмкіндік емес. Алда әлі талай медаль болады. Қола медальға қарап, ол мені келесі жолы ең жоғарғы награданы алуға ынталандыратын болады деп ойлаймын", - деді Тен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro