24 ақпан 2014 | 14:37

Қарағандының көмір қыртыстарынан газ өндіріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Газ және газбен қамту саласының ұлттық операторы "ҚазТрансГаз" АҚ Қарағанды облысы әкімдігімен бірге өңірдің көмір қыртыстарынан метан барлау мен өңдеу жобасын іске асырады. Тараптар бұл жөнінде арнайы меморандумға қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz акционерлік қоғамның қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. "ҚазТрансГаздың" мәліметінше, меморандум Мемлекет басшысының Астана қаласын, Қарағанды облысы мен еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру туралы тапсырмасы аясында қабылданып отыр. Келісім бойынша облыс әкімдігі ұлттық операторға рұқсат беру құжаттарын алуға, аймақтың қажетті инфрақұрылымдарына қосылуға және өңір халқы мен кәсіпорындарының газға деген сұранысы жөнінде ақпарат алуына көмектеседі. "Құжатта, сондай-ақ, ресурстық база расталған жағдайда "ҚазТрансГаз" АҚ өңірдің елді мекендерін газдандырудың жоспарын жасап, Қарағанды көмір бассейнінде осы бағытта жұмыс істейтін өзге серіктестермен көмір метанын алу технологияларымен бөліседі", - делінген департамент таратқан ақпаратта. "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалидің айтуынша, Қазақстан көмір кен орындары метанының әлеуетті ресурстарына бай және бұл газ қоры жөнінен әлемдегі алғашқы ондыққа енеді. "Көмір метаны газының болуы мүмкін геологиялық қоры 1,66 трлн текше метрді құрайды, бұл Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі газдың геологиялық қорына пара-пар. Қарағанды бассейні ТМД көмір бассейндері ішіндегі табиғи газға ең байы", - дейді "ҚазТрансГаз" басшысы. Көмір метанын өндіру еліміз үшін мүлдем жаңа бағыт болады. Серік Сұлтанғалидің айтуынша, сондықтан бұл саланың келешегі жайлы сөз қозғауға әлі ерте, ол туралы әлемнің жетекші компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттарының терең зерделеуінен соң ғана айтуға болады. "ҚазТрансГаз" АҚ мұндай кешенді жұмысқа биыл кіріскелі отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer