20 қаңтар 2014 | 14:18

Мұнай өңдеу зауыттарын салуды жеделдету керек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото tengrinews.kz фото tengrinews.kz

"Елде жанар-жағармай тапшылығы қазірде мықтап сезілуде. Демек, қысқа мерзім ішінде жаңадан ірі мұнай өңдеу зауытының құрылысын бастау керек". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке арнайы тапсырмалар жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанды өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан Елбасы "Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом стансасы құрылысының мерзімін анықтауы тиіс" деді. Жалпы, бұл мәселеде "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасының алатын орны зор екенін баса айтқан Елбасы болашақта осы бағдарламаның орындалу аясына мемлекеттік бақылауды күшейтуді тағы бір нақтылады. Атап айтар болсақ, бағдарлама экономиканы әртараптандыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірде Қазақстанда жалпы мұнай өңдеу қуаты 14,2 млн тоннаны құрайтын үш ірі мұнай өңдеу зауыты (Атырау, Шымкент, Павлодар) жұмыс атқарады. Сонымен қатар жалпы мұнай өңдеу қуаты орта есеппен 1,4 млн тоннаны құрайтын 32 шағын мұнай өңдеу зауыты бар. Қазақстанның мұнай өңдеу мүмкіндіктері негізінен Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарымен байланысты. Сол себепті осы үш ірі мұнай өңдеу зауыттарына жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жасалуда. Бұл өз кезегінде, ақшыл түсті мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайтып, олардың сапасын Еуро 4-5 стандарттарының талаптарына сәйкес көтеруге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын жылына 18-19 млн тоннаға дейін арттырып, ішкі нарықтың сұранысын толықтай қамтамасыз етуге жол ашады. Жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары 2015 жылдың аяғына дейін, ал іске қосу 2016 жылға жоспарлануда.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer