24 ақпан 2014 | 15:39

Виктор Януковичке іздеу жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Виктор Янукович. ©РИА Новости Виктор Янукович. ©РИА Новости

Украина президенті қызметінен шеттетілген Виктор Януковичке іздеу жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости Украина Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Арсен Аваковтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. "Бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Янукович пен басқа да бірқатар лауазымды тұлғаларға іздеу жарияланды", - деп жазады ол өзінің Facebook парақшасында. Бұдан бұрын хабарланғандай, Януковичтің қайда тұрып жатқаны әлі күнге дейін белгісіз. 22-ақпан күні кешкісін ол Киевтегі "Межигорье" резиденциясын тастап, тікұшақпен ұшып кеткен болатын. Оның бұл көрінісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін ол Харьковқа ұшып барған, онда ол украиндық журналистерге елден кептейтінін, өзінің заңды сайланған мемлекет басшысы екендігін жеткізген. Бұдан басқа, президент мемлекеттік төңкеріс туралы мәлімдеген. БАҚ құралдары арасында және әлеуметтік желілерде Виктор Януковичтің Қырымда жасырынғаны, Ресейге, Беларуссияға, тіпті Оман мен БАӘ қашып кеткені туралы сыбыс тараған. Алайда аты аталған Парсы шығанағындағы елдердің билігі бұл сыбысты жоққа шығарды. Тағы бір нұсқа бойынша Янукович Украина территориясында орналасқан арнайы бункерлердің бірінде болуы мүмкін. 23-ақпан күні кешкісін бірқатар украиндық БАҚ құралдары Виктор Януковичтың Қырымда ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Алайда кейін Украина Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Арсен Аваков бұл ақпаратты жоққа шығарды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer