25 ақпан 2014 | 17:46

Үкімет құрылыс бизнесіне жеңілдік жасайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото primeminister.kz сайтынан Фото primeminister.kz сайтынан

Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Серік Ахметов құрылыс саласындағы рұқсат беру жүйесін барынша жеңілдетуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокиннің айтуынша, қазіргі кезде сәулет-жобалау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алу жұмысын 30-40 күннен 5-7 күнге дейін қысқарту шаралары жүргізіліп жатыр. "Біз үш процедураны мүлдем алып тастап отырмыз. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиология, экология және өрт сөндіру қызметімен келісілетін қосымша үш шараны алып тастау жоспарда бар. Оның барлығын мемлекеттік сараптама жасайтын болады", - деп атап көрсетті С.Нокин. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, осының арқасында Қазақстан "Doing Busines" халықаралық индексінде, кем дегенде, 20-30 орынға жоғары көтеріле алады. Үкімет басшысы өз кезегінде аталған мәселелердің бәрін заңды түрде бекіту керектігін жеткізді. "Олар (жергілікті билік - авт.) оңға-солға қадам жасай алмайтындай жағдайда болуы шарт. Ол үшін айтылған мәселелерді заңмен қадап қою қажет. Әсіресе, ол су, электр энергия және тағы басқа инфрақұрылым мәселелеріне тікелей байланысты. Осыны ерекше бақылауға алған жөн", - деді С.Ахметов. Ал индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, құрылыс нысандарына инфрақұрылым жасау жағынан, оның ішінде электр энергия көздерін тарту бойынша Қазақстан "Doing Busines"-тің 87 орнына ие болды. Дүнниежүзілік банктің мамандары осы салада 80 күнге созылатын алты процедураны анықтаған. Оның жалпы соммасы бір миллион теңгеден асады. Осы орайда Үкімет басшысы: "Сіздер қашаннан бері 87 орыннан қозғалмай келесіздер. Теориядан практикаға қай кезде көшесіз? Соны айтыңызшы маған", - деп төтесінен сұрақ қойды. Б.Жақсалиев тиісті құжаттардың Парламент қарауына енгізілгенін, оның ағымдағы жылы іске асатынын жеткізді. Премьер онымен қанағаттанбай, әрбір мәселе бойынша жеке жауапкершілікті бекітуді тапсырды. Осылайша, "Doing Busines" құрылыс саласындағы көрсеткіштеріне вице-министр С.Нокин жауапты болса, инфрақұрылым мәселесіне Б.Жақсалиев жеке-дара жауап беретін болды. Айта кетейік, бүгінде Дүнниежүзілік банктің "Doing Busines" (ағыл. "Бизнесті жүргізу") индексінде Қазақстан 145 орында келеді. Демек, бизнеске қолайлы жағдай жасау жағынан біз біраз елдерден қалып жатырмыз. Оның ішінде құрылыс саласындағы рұқсат беру жүйесі де бар. Біз үшін аталған индекс көрсеткіштерінің жақсаруы қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік бермек. Себебі шетелдік инвесторлар алдымен осы іспетті индекс нәтижелеріне қарайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer