25 ақпан 2014 | 13:54

13 жасар қызды зорлағаны үшін 10 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Қостанай облысының тұрғыны 13 жасар қызды зорлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады Алау ақпараттық порталы. 22 жастағы айыпталушы енді өзінің жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот органының мәліметінше, бұл қылмыс 2013 жылдың 11-қыркүйегінде болған. Айыпталушы ішімдікке сылқия тойып алып, өзінің таныс ауылдасына барған. Ол қыз тұратын үйге терезе арқылы кірген. Бұл кеште жәбірленуші үйде жалғыз болған. Қылмыскер 13 жасар қызға бас салып, оны зорлаған, "кәмелетке толмаған қыздың денесіне физикалық тұрғыдан зиян келтіріп, моральдық тұрғыдан азап шектіріп, сонымен бірге қыздың денесін жарақаттаған". Бұдан бөлек, сотталушы үйден 13 келі қант пен кір жуғыш ұнтағын ұрлаған. "Осылайша ол жәбірленушіге жалпы үш мың теңге соммасында материалдық шығын келтірген". Қылмыскердің үстінен "Бөтеннің тұрғын-жайына қол сұғу","Кәмелетке толмағанды зорлау", "Ұрлық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өзіне тағылған барлық айыптарды мойындады. 13 жасар қызды зорлауға қатысты шыққан үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer