14 жастағы Ариана Гогулина ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 жастағы Ариана Гогулина ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды Қазақстан теннис федерациях

Астанада Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жастағы теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жастағы теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды.

Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды.

Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2

Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жастағы спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды.

Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен жеңген Тимур Хабибулин ие болды.

Жұптық сында мына теннисшілер жүлдеге ілікті.

Ерлер:

1. Артур Хайрутдинов - Максим Батютенко

2. Ілияс Маратұлы - Вячеслав Кауфельд

3. Тимур Хабибулин - Арысланбек Айтқұлов.

Әйелдер:

1. Ульяна Романова - Полина Слепцова

2. Мария Синицына - Карина Жұмажанова

3. Альбина Кәкенова - Айя Мырзақұлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети