26 ақпан 2014 | 14:05

Композитор Түркиялық партияны авторлық құқығымды бұзды деп айыптауда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Арсланбек Сұлтанбеков. Фотосурет vk.com сайтынан алынды Арсланбек Сұлтанбеков. Фотосурет vk.com сайтынан алынды

Қазақстандық композитор Арсланбек Сұлтанбеков Түркияның қазіргі билік партиясын "Домбыра" әнін рұқсатсыз пайдаланып, авторлық құқығымды бұзды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Бұл әнге қатысты дау-дамай Түркияның қазіргі премьер-министрі Режеп Тайып Эрдоған басқаратын "Әділет және даму" партиясының өзінің сайлауалды кампаниясында "Домбыра" әнін партияның әнұраны ретінде пайдаланғаннан кейін шыққан. "Домбыра" әні 1997 жылы жазылғанымен, соңғы айларда ғана хитке айналып үлгерген. Оған Түркияның қазіргі билік партиясының "көмегі" тисе керек. "Мен әнімнің саяси мақсаттарға пайдаланылғанын қаламаймын. Әрбірден соң мен оған келісімімді берген де емеспін. Маған хабарласқандардың барлығы бұл жағдайға байланысты сотқа шағымданасың ба деп сұрап жатыр. Мен сотқа баруға асықпаймын, ал қажет болып жатса сотқа жүгінуім де мүмкін", - деді Арсланбек Султанбеков. Ал түркиялық "Әділет және даму" партиясының өкілдері болса, түріктің Уюр Ышылак есімді әншісі "Домбыраның" сөздерін өзгертіп, өзінің жеке туындысы ретінде ұсынғанын айтып отыр. Бұл тартысқа қатысты мәселе ушыққанда барып, түрік әншісі жауапкершіліктен қашпақ болып, әннің авторы жоқ, яғни оны халық әні деп ойлап қалғанын айтып ақталған. "Әннің авторы Арсланбек Сұлтанбеков екенін мойындаймыз. Бұл әннің тарихын зерделей келе біз оның кавказдық немесе ноғайлардың музыкасы деп қабылдадық. Және мен жіберген өз қателігімді жуып-шаю үшін әннің авторымен кездесуге дайынмын", - деді Уюр Ышылак. Еске саламыз, "Домбыра" әні бүгінде Түркияда ең танымал әндер қатарына кіріп отыр. Сұлтанбековтың бұл композициясы 2013 жылы 19-21 желтоқсан аралығында өткен Turkvizyon фестивальінің ашылу салтанатында да ойнаған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer