26 ақпан 2014 | 15:31

Жириновскийдің Орталық Азия туралы шулатқан сөзіне партияластары түсініктеме берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Жириновский, ЛДПР басшысы. Фото ©РИА Новости Владимир Жириновский, ЛДПР басшысы. Фото ©РИА Новости

Владимир Жириновскийдің Орталық Азия республикалары секілді Қазақстан да Ресей Федерациясының Ортаазиялық федеральдық округіне енуіне болады деген сөзін өзгелер дұрыс ұқпаған деп санайды Ресейдің Либеральдық-демократиялық партиясының баспасөз жетекшісі Юрий Рыжов. "Бұл - сөйлем ішінен үзіп алынған сөз. Әңгіме Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Ресейдің және бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттерінің геосаясатына қауіп төніп тұрғандығы жөнінде болған. Сондықтан егер бұрынғы Кеңес одағы республикалары, айтайын дегенім Орталық Азия сыртқы күштердің қаупін сезіп, өз-өзін қорғағысы келсе, онда олай етуге әбден болады. Сонымен қатар олардың Ресей Федерациясы құрамына ену туралы өтініші болатындығын жоққа шығармаған, яғни бұрын Совет одағы деп аталған кеңістікті қайта жаңғыртуды көксеушілердің. Демек, оның аннекцияға қатысты ойы (аннекция - мемлекеттің бүтіндей немесе бір бөлігінің біржақты тәртіп бойынша басқа мемлекетке ресми түрде қосылуы) болмаған және болмайды да. Жириновский мемлекет егемендігін қатты сыйлайды, соның ішінде өзі туған Қазақстанның да" деді Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Жириновскийдің баспасөз хатшысы. Ол қазақстандықтар арасында мұндай көңіл-күйді қалыптастыруды жалғастырмауды сұрайды, өйткені оның нақтыға еш сәйкестігі жоқ. Баспасөз хатшысының айтуынша, Жириновский өз сөзінен үзінділер алынып, оның мағынасы майысып, экстремистік сипатта беріле бастағанын көргенде жынданып кете жаздайды. "Бұл, әрине оны ренжітеді. Қазақстандық бірқатар баспасөзге сұхбат бергенде де ол егемендікті, қазақ халқын сыйлайтындығын баса айтып отырады. Сәйкесінше, қазақстандықтардың ұлттық сезімін аяқ-асты ететін, намысына тиетін ешқандай мәлімдеме болған емес және болмайды да" деді ол. Ыстық көлде туризм аймағын өрістету туралы Жириновскийдің ұсынысы да Қырғызстан азаматтары тарапынан тура осындай наразылыққа бой ұрды дейді баспасөз хатшысы. "Қырғыз Республикасы мұны ұлттық намысқа тию деп қабылдады. Хаттар, Жириновскийді нон-грат тұлға деп жариялау туралы талап та келіп түсіп жатты. Қортындысында Қырғызстанның жоғары басшысы, "негізінен Жириновскийдің айтпағы басқа еді, яғни Ыстық көлді туристік аймақ ретінде дамыту ұсынысынан басқа дәнеме емес. Демек, сөзді бұрып жіберу деген оп-оңай" деп мән-жайдың анығын ашып берген. Еске сала кетелік, ресейлік депутат, ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновскийдің сөзін Қазақстандықтар көңіліне ауыр алды. Ресейдің 23 ақпандағы отанды қорғау күніне арналған митингіде сөз алған Мемлекеттік Дума депутаты Владимир Жириновский "Россия 24" телеарнасы эфирінен: "Орталық Азияда ешқандай республика жоқ. Ортаазиялық федеральдық округ - басты қала Верный! Бүгін оның бөтен аты бар: Алма-Ата - менің туған қалам. Мұны Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркімения, Қазақстан ойлап тапты. Ортаазиялық федеральдық округ!" деп мәлімдеді. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы Жириновскийдің осы айтқанына байланысты Ресейдің СІМ-не нота жолдады. Ал саясаттанушылар Жириновскийдің Қазақстанға кіруіне тыйым салуды ұсынды. Дегенмен Ресейдің СІМ "екі мемлекеттің мықты құқықтық негізі, абайсызда айтылған саясаткерлердің қауіпті сөзінен сенімді қорғаныс бола алады деп сенеміз" деп өз көзқарастарын білдірген. Осыған қарамастан Парламент Мәжілісі депутаттары ҚР СІМ басшысы атына сауалмен шыққан. Олар Ресей Владимир Жириновскийдің сөзін ресми түрде жоққа шығаруы тиіс деп санайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer