26 ақпан 2014 | 15:39

Қазақстанда тағы бір әуе компаниясы құрылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Akorda.kz ©Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тағы бір әуе компаниясы құрылатынын айтты. Бұл туралы оның "Бомбардьер" компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесуінде мәлім болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің перспективалары, атап айтқанда, елдегі көлік қызметінің аясын кеңейту жайы талқыланды. Мемлекет басшысы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы соңғы кездесуден кейін көлік саласында тығыз ынтымақтастық орнату жөнінде қазірдің өзінде нақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті. "Біз "Бомбардьер" тәрізді белгілі компанияның Қазақстан нарығына келуіне мүдделіміз. Осыған байланысты тағы бір отандық "Эйр Қазақстан" әуе жолы компаниясын құруды жоспарлап отырмыз, ол бастапқы кезеңде ішкі рейстерді атқаратын болады. Өздеріңіз білетіндей, біз, сондай-ақ, BAE Systems компаниясымен бірлесіп "Эйр Астана" әуе жолы компаниясын құрдық. Басқарудың осы тәжірибесін жаңа компания құру кезінде де пайдалануға болады. Авиация саласындағы ынтымақтастықпен қатар біз үшін көлік саласының өзге секторларындағы жобалар да қызықты. Бұдан бөлек отандық ұшқыштар және еліміздегі техникалық қызмет көрсету орталықтарына мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық аса маңызды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мейлінше тығыз ынтымақтастық үшін республикамызда компания өкілдігін ашу және бірлескен қызметті өңірлік деңгейге көшіру қажеттігіне тоқталды. "Бомбардьер" компаниясының басшысы бұл кездесудің көлік саласындағы түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды екенін айтты. "Біз көлік қызметінің сапасын арттыру және жалпы Қазақстанның көлік саласын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Авиациялық техниканы жеткізу бірлескен қызметіміздің шағын ғана бөлігі екеніне сендіргім келеді. Біз өз технологияларымызды енгізуді әрі мол тәжірибемізді қолдануды да жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, Қазақстанның ұшқыштарын оқытып, ұшақтарға қызмет көрсететін сервистік орталықтар құрамыз, осы арқылы Қазақстанмен ұзақмерзімді перспективада жұмыс жүргізетін боламыз", – деді Пьер Бодуэн.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer