©REUTERS
Украинада жеке күзетші қызметінің танымалдылығы күннен күнге артып барады деп хабарлайды "Корреспондент" мақаласына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Қараңғы көшелерден сізді алып өтушіге Интернет арқылы тапсырыс беруге болады екен. Соңғы кездері осы сияқты ұсыныстарды Украина сайттарындағы жарнамадан жиі байқауға болады. Онда жігіттер қыздар мен келіншектерді жұмыстан күтіп алып, үйіне дейін шығарып салатындықтарын, қауіпсіздігіне кепілдік беретіндіктерін жазады. Алайда жеке күзетші қызметі тек белгілі бір, "өзінің" аудандарында ғана қауқарлы көрінеді. "Кешкісін қызды жұмыстан немесе басқа жерден де күтіп аламын, үйіне шығарып саламын. Қауіпсіздігіне кепілдік беремін. Егер мен туралы тағы басқа мәлімет немесе суретім керек болса, оны электрондық поштаңызға қуана-қуана салып жіберемін. Қызмет құнын өзара келісе жатамыз. Троещина ауданы, Киев" деп жазылған Интернеттегі бір жарнамада. Бұл арада жекеменшік күзетші қызметінің бағасы уақытқа, жүріс қашықтығына байланысты түзілетінін айта кетелік. Орташа есеппен ол 30-50 гривенді құрайды (600-1000 теңге). Киевтегі тәртіпсіздіктің салдарынан 787 адам жараланып, оның 527-сі қазір ауруханада жатыр. Киевтегі дүрбелең 18 ақпанда қайтадан күш алып, 82 адам көз жұмды. Украинадағы саяси дағдарыс 2013 жылғы қарашаның соңында министрлер кабинеті мемлекеттің еуроинтеграциялануын тоқтатқандығын айтқаннан кейін орын алған. "Еуромайдан" деген атауға ие болған жаппай шеру Украинаның барлық өңірінде өткен және ақпанда радикалдар мен милицияның арасындағы қақтығысқа ұласты. Міне, осыған байланысты Украинада жеке күзетші қызметіне деген сұраныс күрт артқан.
Украинада жеке күзетші қызметінің танымалдылығы күннен күнге артып барады деп хабарлайды "Корреспондент" мақаласына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Қараңғы көшелерден сізді алып өтушіге Интернет арқылы тапсырыс беруге болады екен. Соңғы кездері осы сияқты ұсыныстарды Украина сайттарындағы жарнамадан жиі байқауға болады. Онда жігіттер қыздар мен келіншектерді жұмыстан күтіп алып, үйіне дейін шығарып салатындықтарын, қауіпсіздігіне кепілдік беретіндіктерін жазады. Алайда жеке күзетші қызметі тек белгілі бір, "өзінің" аудандарында ғана қауқарлы көрінеді.
"Кешкісін қызды жұмыстан немесе басқа жерден де күтіп аламын, үйіне шығарып саламын. Қауіпсіздігіне кепілдік беремін. Егер мен туралы тағы басқа мәлімет немесе суретім керек болса, оны электрондық поштаңызға қуана-қуана салып жіберемін. Қызмет құнын өзара келісе жатамыз. Троещина ауданы, Киев" деп жазылған Интернеттегі бір жарнамада. Бұл арада жекеменшік күзетші қызметінің бағасы уақытқа, жүріс қашықтығына байланысты түзілетінін айта кетелік. Орташа есеппен ол 30-50 гривенді құрайды (600-1000 теңге).
Киевтегі тәртіпсіздіктің салдарынан 787 адам жараланып, оның 527-сі қазір ауруханада жатыр. Киевтегі дүрбелең 18 ақпанда қайтадан күш алып, 82 адам көз жұмды.
Украинадағы саяси дағдарыс 2013 жылғы қарашаның соңында министрлер кабинеті мемлекеттің еуроинтеграциялануын тоқтатқандығын айтқаннан кейін орын алған. "Еуромайдан" деген атауға ие болған жаппай шеру Украинаның барлық өңірінде өткен және ақпанда радикалдар мен милицияның арасындағы қақтығысқа ұласты. Міне, осыған байланысты Украинада жеке күзетші қызметіне деген сұраныс күрт артқан.