27 ақпан 2014 | 09:21

Ингушетия басшысы қазақ халқына алғыс білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуров. ©РИА Новости Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуров. ©РИА Новости

Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуров қазақ халқының 70 жыл бұрынғы қамқорлығы үшін алғыс айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Өз хатында Юнус-Бек Евкуров ингуштердің сан ғасырлық тарихындағы қасіретті датаның бірі 1944 жылғы 23 ақпан екенін атап өткен. Бұл күні ингуш халқы бір-ақ сағатта тарихи отанынан айрылды, жаппай жер аудару мен қуғын-сүргін салдарынан халықтың жартысынан астамы қаза болды. «Қазақстанның мыңдаған қарапайым тұрғыны біздің халқымыздың сол адам мүлде төзгісіз жағдайда аман қалуына көмектесті. Олар жан күйзелісімізге ортақтасты, баспанасы мен нанын бөлісті, науқастарды емдеп, қайтыс болғандарды жерледі», – делінген хатта. Евкуров ингуштер үшін Қазақстанның екінші отанға айналғанын және ингуштердің көпшілігі әлі де осы елде тұрып жатқанын, оның толыққанды азаматы болып саналатынын баяндаған. Ол осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген саясаттың арқасында мүмкін болғанына тоқталды. «Ингушетия Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан барша қазақ халқына қиын-қыстау жылдары өз отанынан айырылған адамдарға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылық білдіремін»», – делінген хатта. Ингушетия басшысы Қазақстан Президентіне және көпұлтты еліміздің барша халқына бақыт, жақсылық, игілік және бақ-береке тілеген. Айта кетейік, 1944 жылдың 23 ақпанында Кеңес Үкіметі Шешен-Ингуш Автономды Республикасының халқын Орта Азия мен Қазақстанға күштеп депортациялаған болатын. Қазақстанға 411 мың адам немесе 85 мың отбасы жер аударылды. НКВД жендеттері қоныс аударуға көнбеген 700-ден астам адамның біразын атып, бір бөлігін тірілей өртеді, олардың арасында қарттар мен мүгедектер болды. Қазақ халқы қыстың көзі қырауда қайғыға тап болған көп халықты бауырына басып, аштықтан құтқарды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer