27 ақпан 2014 | 11:03

Қазақстанда туылған азамат Минскідегі метроның жұмысын тоқтатып тастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Минсктегі метроның  "Октябрьская" станция бекеті. Фото ©РИА Новости Минсктегі метроның "Октябрьская" станция бекеті. Фото ©РИА Новости

Құқық қорғау органдары 26-ақпан күні Минскідегі метро жұмысын тоқтатқан қаскүнемді қолға түсірді, деп хабарлайды БЕЛТА. Ол Қарағандыда туып-өскен, Минск облысында тұратын 35 жастағы азамат болып шықты. 26-ақпанда жолаушылардың бірі ер адамның біреуге телефонмен SMS жазып отырғанын оқып қалғанын Минскідегі метроның күзетшісіне хабарлаған, деп жеткізеді РИА Новости. Қазақстанда туған азамат өз хабарламасында оның қопарғыш жабдықты алып келуге қатысты ойын жеткізген. Күдікті өте қысқа мерзімде ұсталды. Ол бомбаға қатысты хабарламаны қандай мақсатта жазды және оны кімге жібергісі келді, бұл жағы әлі белгісіз. Ер адамның бұл әрекеті салдарынан Минсктегі метроның жұмысы үш сағаттан аса уақытқа тоқтап қалды. Әр бекеттегі жолаушыларды ешқандай байбаламсыз мотрополитеннен шығарып, жер үстіндегі транспортты пайдалануын сұрады. Жедел-іздестіру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалғаны хабарланды. Белорусия Тергеу комитетінің Минсктегі басқармасы оның әрекетіне қатысты құқықтық бағасын беруде.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.57  course up  547.82  course up  4.99  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer