27 ақпан 2014 | 11:35

Сенат жол жүрісі туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс ғимараттары ©Нұрғиса Елеубеков Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс ғимараттары ©Нұрғиса Елеубеков

Мәжіліс мақұлдаған "Жол жүрісі туралы" заң жобасын екінші оқылымда қараған Сенат бүгін құжатты кері қайтарды. Жоғарғы палата депутаттары тарапынан заң жобасына 20-дан астам түзетулер енгізіліп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, заң жобасы жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруды арттыруға, жол қозғалысы үдерістерін басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге бағытталады. Сонымен қатар, құжат бойынша елімізде жол қауіпсіздігі аудит институтын енгізу көзделеді. Бұл институт адами фактордан болатын жол апаттарын азайтуға септігін тигізбек. Аудит институты негізінен дер уақытында өзгерістер енгізу үшін жобалау кезеңінде немесе құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жолдың техникалық жобасындағы қауіпсіздік қаупін анықтауға мүмкіндік береді. Ал сараптама барысында ұсынылатын жаңа немесе жаңартылған жол ашылғаннан кейін оны пайдалану деңгейі бағаланады. Сондай-ақ, құжат бойынша көлік құралдарына, оларға техникалық қызмет көрсету талаптарына қатысты нормалар жеке қарастырылып отыр. Көлікті басқаруға рұқсат беретін құжат БҰҰ тұжырымдамасының талаптарына сәйкес болады. Яғни, жүргізуші куәліктерінің жаңа түрлері енгізіледі. Онда 7 санат пен 6 санаттың тармақшалары қамтылады. Бұдан бөлек, айыппұл салуларда да біршама өзгерістер қаралады. Мәселен, айыппұл егер салынған уақытынан бір тәулік ішінде төленсе оның мөлшерінің 50 пайызын ғана өтеу, егер апта ішінде төленсе оның 30 пайызын азайту көзделеді. Мүгедектерге арналған орындарға автокөліктерді тоқтатуға, көлікпен тоқтауға қатысты ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Жүргізушілерді даярлау тәртібін бұзғандарға да жауап қатаяды. Сенат депутаттары заң жобасынан талқылау барысында бірқатар түзетудің қажеттілігін алға тартады. Атап айтқанда, жоғары палата депутаттары "жүргізудің агрессивті әдісі" ұғымын алып тастауды ұсынады. "Бұл норма ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "маневр жасау, басып озу қағидаларын бұзғаны немесе көлік құралының қозғалысына кедергі жасағаны" үшін жауаптылық белгілейтін бірқатар баптарымен қамтылып отыр. Сондықтан оны алып тастауды ұсынамыз", - дейді сенатор Серік Ақылбай. Бұдан бөлек, заң жобасымен жүргізушінің және жолаушының ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеу міндеті көзделеді. "Осыған байланысты жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметкерінің жүргізушіге немесе жолаушыға көлік құралының салонын тастап кетуге рұқсат беру құқығы болатын жағдайларды нақтылап отырмыз. Сонымен қатар, ішкі істер органы қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға 8 түрлі негіздер айқындалып отыр. Оның ішінде жол жүрісі ережелерін бұзу, айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, жол-көлік оқиғалары немесе өзге де қылмыс болған орындардан қашып кеткен көлік құралдарын іздестіруге байланысты жағдайлар қарастырылған. Яғни, жол полициясы ендігәрі заңда көрсетілген 8 жағдай бойынша ғана жүргізушіні тоқтала алады. Осы арқылы біздің азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтары толығымен қамтылып отыр", - деді С. Ақылбай.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer