20 қаңтар 2014 | 14:42

Әбілязов ісіне қатысты адам әлі қашқында жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото respublika-kz.blogspot.com сайтынан алынды Фото respublika-kz.blogspot.com сайтынан алынды

Әбілязов қылмыстық тобы ұйымына қатысты Вероника Ефимова қашқында жүр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер хабарлаған. "Бүгіндері Әбілязов қылмыстық тобы ұйымына қатысты Вероника Ефимованың қайда жүргені анықталған жоқ, оны іздеп тауып, тұтқындап, Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр" делінген Бас прокуратураның Tengrinews.kz жолдаған сауалға берген ресми жауабында. Ондағылар күдіктінің 2009 жылдың 3 шілдесінде Ресейде тұтқындалғанын еске салады. Ал 2010 жылдың 21 сәуірінде Ресей тарапы оны Қазақстанға өткізіп беру жөніндегі Бас прокуратураның талабын қанағаттандырған. Алайда Әбілязов қылмыстық тобы ұйымына қатысты Вероника Ефимова сол кезде Қазақстанға жеткізілмеді, өйткені ол осы мәселеге қатысты Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағымданған , өз кезегінде олар 2010 жылдың 13 маусымында Ефимованы Қазақстанға экстрадициялау бойынша Ресейдің барлық іс-әрекетін доғару жөнінде шешім шығарған. Ресей территориясында Ефимованы қамауда ұстау мерзімі өтіп бара жатқандығына байланысты ресейлік тарап 2010 жылдың 3 шілдесінде оған қатысты үй қамағында болу шарасын белгілейді. 2013 жылдың 19 ақпанында Еуропадағы Адам құқығы жөніндегі соты Ефимованың Ресейдің экстрадициялау туралы шешіміне қатысты шағымын қанағаттандырмайтындығы туралы үкім шығарды, ол 2013 жылдың 8 шілдесінде өз күшіне енді. Бірақ соған қарамастан бүгіндері ресейлік тарап Ефимованы Қазақстанға беру туралы шешімді орындай алмай отыр, себебі ол өзіне қатысты белгілі территориядан шықпау туралы шартты өрескел бұзып, Ресей құқық құрылымы органдарынан жасырынып жүр. 2013 жылдың тамызында еліміздің Бас прокуратурасы таяу уақытта Ефимованың Қазақстанға экстрадицияланатындығы жөнінде баспасөз хабарын таратқан болатын. БТА-банктің экс-қызметкері 2005 және 2009 жылдары аралығында №6 банктің корпоративтік бизнес басқармасының бастығы болған. Бұл басқарма Әбілязов қылмыстық тобы ұйымы қарамағындағы компанияларға несие беру жолымен ақша шығарып беру үшін арнайы құрылған ерекше функциясы бар құрылымдық бөлімше. Мұхтар Әбілязовтың Францияның Ривьер қаласында 2013 жылдың шілдесінде тұтқындалғанын еске сала кетелік. Бүгіндері ол Люин түрмесінде отыр. Бұрынғы банкирге "бірнеше миллиард доллар ұрлады" деген айып тағылған. Қазақстан қашқындағы бизнесменді де елге қайтарып алуға мүдделі. Кешегісін Бас прокуратура Франция тарабына осыған қатысты талап-арызын жолдағаны белгілі болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer