27 ақпан 2014 | 14:18

Додаға түсер қарсыластарымыз – "Динамо" мен "Дизель"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет hc-saryarka.com сайтынан Сурет hc-saryarka.com сайтынан

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін жұптар анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл Қарағандының «Сарыарқасы» ЖХЛ-да (Жоғары хоккей лигасында) 4-орынға ие болды. Кеншілер клубы 50 ойыннан 95 ұпай еншіледі. «Сарыарқаның» алдын Нефтекамскінің «Торосы» (50 ойын, 100 ұпай), Пермнің «Молот-Прикамьесі» (50, 98) және Тюменнің «Рубині» (50, 98). Ал Өскенемннің «Қазцинк-Торпедосы» 50 ойыннан 82 ұпай жинап, 11-орынмен шектелді. Шығысқазақстандықтар маусымды тәп-тәуір бастағандарымен, былтырғыдай соңғы ойындарын сүреңсіз өткізіп, төмен сырғып кетті. Енді ЖХЛ біріншілігінің 16 үздік командасы (бұл лигада барлығы 26 команда бақ сынғана) плей-офф жүйесімен «Братина» кубогын сарапқа салады. Олар біріншіліктің негізгі додасындағы орындарына сәйкес мына жұптарда додаға түседі: Братина кубогының 1/8 финалы: /1/ «Торос» (Нефтекамск) – /16/ Сокол (Красноярск) /2/ «Молот-Прикамье» (Пермь) – /15/ «Титан» (Клин) /3/ «Рубин» (Тюмень) – /14/ «Ариада» (Волжск) /4/ «Сарыарқа» (Қарағанды) – /13/ Динамо (Балашиха) /5/ Кубань (Краснодарь) – /12/ «Лада» (Тольятти) /6/ «Дизель» (Пенза) – /11/ «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) /7/ «Южный Урал» (Орск) – /10/ «Нефтяник» (Альметьевск) /8/ ТХЛ (Тверь) – /9/ «Буран» (Воронеж) «Братина» кубогының 1/8 финалдық ойындары әр жұпта төрт жеңіске дейін жалғасады. Өздеріңіз байқап отырғандай, «Сарыарқа» Балашиханың «Динамосымен», ал «Қазцинк-Торпедо» Пензаның «Дизелімен» кездеседі. Қазақстан клубтарының плей-оффтың алғашқы сатысындағы ойындары 2, 3 және 6, 7 наурыз күндері, сондай-ақ қажет болса 10, 12, 14 наурыз күндері өтеді. ЖХЛ біріншілігі кестесінде жоғары тұрғандықтан «Сарыарқа» 2, 3 және (немесе қажет болса) 10, 14 наурыз күндеріндегі ойындарды өз айдынында өткізеді. Ал «Қазцинк-Торпедо» керісінше, бұл күндері Пензаға барады. Әр жұптағы командалардың біреуі төрт рет жеңіске жеткен бетте екеуара кездесулер тоқтатылады. Төрт рет жеңіске жеткені «Братина» кубогының келесі сатысына, яғни ширек финалға шығады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer