20 қаңтар 2014 | 15:00

Транзакция кезіндегі комиссиялық төлемді біреу білсе, біреу білмейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Банктердің транзакциялар кезінде алып отырған қызмет ақысын, былайша айтқанда, комиссия мөлшерлемесін ашық көрсетуге міндеттейтін күн алыс емес. Әрине ол үшін ҚР "Банк қызметі туралы" заңға өзгерту енгізілуі тиіс" деп хабарлайды, Tengrinews.kz. "Ештен кеш жақсы", өйткені банктердің біз білмейтін құпиялары көп. "Теңгеден тиын құралады" демекші, әрбір тұтынушыдан, мәселен, комиссия есебінде өндіріліп жатқан аз-маз ақша жинала келе миллиондарды құрайды. Естеріңізге сала кетейік, мұндай ұсынысты жуырда ресейлік депутаттар да көтерген болатын. "Қазақстанда да бұл өзекті мәселе" екенін енді айтып жатыр олар. Коммунистер фракциясының депутаты В.Косорев: "Бұл бүгінгі күн талабы, мен мұны қажеттілік деп санаймын" десе, оны қолдаған Мәжіліс депутаты У.Бишимбаев: "Өте дұрыс қадам болар еді. Әрбір адам банктік операция кезіндегі комиссиялық төлем туралы барлық ақпаратты білуге құқылы. Оны біреу білсе, көпшілік одан бейхабар. Шешілмейтін мәселе жоқ. Тек оның оңтайлы механизмдерін қарастырсақ болғаны" деп атап өтті. Олардың сөзін "Ақ жол" партиясының төрағасы А.Перуашев те мақұлдады. "Карточка иесінің есепшотынан ақша өндіріп алу – біреудің меншігіне қол салу деген сөз. Кім-кім де операция кезінде өзіне қанша шығын келгенін білуге тиіс. Бұл мәселенің біздің елде осы күнге дейін жабық болып келгені түсінудің өзі қиын" деген пікірде ол. Перуашев сонымен қатар, БАҚ өкілінің "мұны заңмен бекіту керек пе?" деген сауалына "Әлбетте! Заңға енгізуді кейінге қалдыруға болмайды" деп жауап қайырды. Мәжіліс депутаты Т.Өмірзақовтың та іші толып қалса керек. Оның ойынша: "банктер кіріс көлемін ешкімге көрсетпеудің бар амалдарын қарастыруда". "Мәселен, зейнеткерлер коммуналдық төлемнің комиссиясының қанша екенін білмейді. Комиссиялық төлем тіпті коммуналдық қызмет төлемімен бірдей болуы да мүмкін. Мен үкіметке депутатттық сауал жолдап, заңға банктердің алып отырған барлық комиссиясын ашық көрсету туралы норма енгізуді ұсынбақпын" дейді, ренішін жасыра алмай. Ал депутат Ж.Ахметов былай дейді: "Бұл түйінді түйткіл. Оны оң шешу үшін барлық ұсыныстар мен пікірлерді сүзгіден өткізіп алуымыз керек. Біз мұндай төлем көлемі жайында негізінен кеш біліп жатамыз. Банктердің комиссиялық төлемді құпия сақтауға мүдделі екені белгілі. Өйткені одан да олар көп пайда табады. Мұны біз заңмен ғана талап ете аламыз. Сондықтан да, заңға енгізуді тез арада қолға алған жөн". Қоғамда қазір банктік комиссиялық төлем мәселесі қызу талқыланып жатыр.Елі­міз­дегі қайсыбір банк саласы осын­дай комиссияның негізінде актив­те­рін көбейтіп отыр десек те қа­те­лес­пейміз. Негізінде, есепшот­та­ғы қаржыны қолма-қол алуға ко­миссиялық төлем ұстап қалу біздің отан­дық жүйеде бұрыннан бар. Мәселен, қазір тұтынушы өз есепшотынан банкте жатқан қаржыны қолма-қол теңгедей алатын болса, оның 0,7 пайызы комиссия есебінде ұс­та­лып қалады. Былайша айтқанда, егер тұтынушының есепшотында 1 млн теңгедей қаржы болып, оны ол қолма-қол ақшаға аударса, банкке комиссиялық төлем ретінде сол 1 млн теңгенің 7 мыңын қалдырады деген сөз. Ал есепшоттан валюта түрінде қаржы алынатын болса оның 1,2 пайызы комиссиялық төлем есебінде банкте қалады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer