15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жасалды Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер 15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының түнде солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16-17 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Түнде 15-17 қазанда облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети