20 қаңтар 2014 | 15:01

Қырғызстан интимді хабарландырулардың көзін жоймақ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
сурет kenesh.kg сайтынан алынған сурет kenesh.kg сайтынан алынған

Қырғыз депутаты Қожобек Рыспаев "ақпарат құралдарында "ер адам ер адамды іздейді, әйел адам демеуші не серіктес іздейді" деген сияқты интимдік сипаттағы хабарламаларға тыйым салу керек деген бастама көтерді" деп хабарлайды Tengrinews.kz 24kg ақпараттық құралына сілтеме жасай отырып. Заңға осындай өзгеріс енгізу керектігі туралы бастаманы қырғыз депутаты Жогорку Кенеш отырысы барысында көтерген. Депутаттың пайымдауынша, интимдік сипаттағы хабарламаларға тыйым салу қоғамдық қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені, мұндай құбылыс қоғамды деградацияға ұшыратады. "Ең сорақысы, интимдік сипаттағы хабарламалардың телеканалдар арқылы таратылуы. Заңдағы олқылықтар телеканалдардан интимдік сипаттағы хабарламалардың ашықтан-ашық жариялануына жол ашып отыр. Сондықтан заңға өзгеріс енгізіп, интимдік сипаттағы хабарламалардың ақпарат құралдарында берілуіне тосқауыл қою қажет. Өйтпеген жағдайда, бұл қоғамға іріткі салады" – дейді Қ. Рыспаев. Депутаттың пайымдауынша, интимдік сипаттағы хабарландырулар дәстүрге жат отбасылық қатынастардың белең алуына ықпал етіп, дәстүрлі отбасылардың бұзылуына әкеледі. "Бұл хабарламаларда ашына іздейтіндерін ашық айтады. Мемлекет бұған тосқауыл қойып, қоғамдағы адамгершілік қасиеттерді, көргенділікті сақтауы қажет" – дейді халық қалаулысы. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей Думасының депутаты Владимир Жириновский өзінің партияластарына жылына төрт реттен артық жыныстық қатынасқа түспеу туралы ұсыныс жасаған еді. Алайда, кейін ЛДПР партиясының жетекшісі ол айтқанын әзілге балаған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer