28 ақпан 2014 | 15:37

Кәсіпкерлердің құқын қорғау бизнес омбудсмендеріне жүктеледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото ©Марат Әбілов фото ©Марат Әбілов

Жаңадан құрылатын бизнес омбудсмендері институты жайында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құрбанбаева ханымның мәлімдеуінше, мұндай бизнес омбудсмендері интитутын құру бұған дейін де сөз болған. "Қазірде кәсіпкерлердің құқы жиі бұзылатындықтан олардың құқын қорғайтын мұндай мамандық иелері бізге керек. Бұл мамандық иелерін кәсіпкерлер өздері сайлауы тиіс. Сайланатын мамандар біліктілігінің жоғарылығы қадағалануы керек. Біз бұл жөнінде өз ұсыныстарымызды арнайы Президент әкімшілігіне білдірдік" - деді ол. Жалпы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, бизнес омбудсмені қызметін атқаратын мамандардың жас мөлшері 30 жастан төмен болмауы керек. Олардың заңдық біліктілігі жоғары болғаны абзал. Омбудсменнің көмегімен мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам арасында конструктивті диалог орнату маңызды болмақ. "Кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында олардың құқықтарын жан-жақты қорғау үшін бұл қызмет түрін жетілдіру керек" - дейді Гүлнар Құрбанбаева. Еске салайық, отандық бизнестің адымын аштырмай тұрған қайсыбір кедергілерге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестің қайсыбір түрлерін тексеруге 2014 жылдың 2 сәуірінен, 2015 жылдың қаңтар айына дейін мароторий жариялаған болатын. Сондай-ақ Елбасы елде жаңадан бизнес омбудсмендері интитуты құрылатынын да бұған дейін құлаққағыс жасаған. "Бұл институттың басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқын қорғау" деген болатын Мемлекет басшысы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.57  course up  547.82  course up  4.99  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer