28 ақпан 2014 | 16:20

"Арландар" сапында бір боксшы ауысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Польша боксшыларына қарсы шығатын "Арландар". © Нұрғиса Елеубеков Польша боксшыларына қарсы шығатын "Арландар". © Нұрғиса Елеубеков

"Астана арландары" кәсіпқой бокс клубы 1 наурыз күні Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында "Hussars Poland" командасымен жұдырықтасады. Бұл кездесуде "арландар" сапында Ғани Жайлауов, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов және Армен Симонян сында боксшыларымыз WSB сериясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ертеректе хабарлағанымыздай 60 келіде "арландардың" намысын әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдрахманов қорғау керек болатын. Бірақ, соңғы сәтте бапкерлер бұл кездесуге Ғани Жайлауовты шығаруды жөн көрген екен. Оның қарсыласы Давид Павел Михелус. Бұл боксшы былтырдан бері Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсетіп жүр. Тәжірибесі толысқан. Былтыр бес рет шаршы алаңға шығып, үшеуінде жеңіске жетті. Биылғы маусымда өткізген екі кездесуінің біреуінде ұтып, енді бірінде қарсыласына есе жіберді. Сонымен қатар, Павел Михелус 2010 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Жасөспірімдер олимпиадасында да қола жүлде алғанын айта кетейік. Дегенмен, Жайлауовты да осал боксшы деуге келмейді. Ол бокстан Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, Бакуде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олмпиада ойындарының қатысушысы. Сондықтан да бапкерлер оны алдағы кездесуге бекерге шығарып жатқан жоқ. Оның үстіне Ғани бұл мүмкіндікті Әбдрахмановпен болған спарринг кездесуінде жеңіп алған. Басқа боксшыларға тоқаталатын болсақ, 52 келіде Ілияс Сүлейменов пен Гжегорж Козловский жұдырықтасады. 69 келі салмақта бокстан Ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов бұл топтамадағы алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Жора Симонян. Сондай-ақ 81 келді ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Казюж Зыциньскийға қарсы WSB сериясындағы алғашқы жекпе-жегіне шығады Аса ауыр салмақта (+91 келі) "арландардың" атынан Армен Симонян да бұл топтамадағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Ол Польша клубында өнер көрсететін украиналық легионер Сергей Вервейкомен жұдырықтасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer