20 қаңтар 2014 | 15:02

Өскемен дәрігерлері диагноз қоя алмай, жындыханаға жіберді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kp.ru сайтынан Фото kp.ru сайтынан

Өскеменде дәрігерлер 20 жастағы Перизат Әубәкіроваға нақты диагноз қоя алмай, оны психоневрологиялық ауруханаға жіберді деп хабарлайды YK-news.kz. Пациенттің әкесі Мұратбек Әубәкіровтің айтуынша, оның қызы өткен жылдың ақпан айында өзін жайсыз сезінген. Алғашқыда дәрігерлер науқасты жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен қалалық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызған. Үш күннен соң қыз неврология бөліміне ауыстырылады. Арада біраз уақыт өткенде Әубәкірованы бүйрек үсті безі мен миын магнитті-серпінді томографиядан өткізу үшін Семей қаласына жібереді. Бірақ пациенттің жағдайы жақсара қоймайды, ол бұрынғысынша тамақ іше алмай, аузына ас алған сайын құса береді. "Оның күйзелістегі жағдайынан ба, әлде препараттардың әсерінен бе жағдайы жақсармағандықтан емдеуші дәрігер Перизатты психоневрологиялық диспансерге кеңес алуға жіберуді ұйғарды. Дәрігерлердің пікірінше, қызымда нейрогенді анорексия белгісі бар", - дейді әкесі. Диспансерге келгеннен кейін науқастың жайы одан әрі нашарлайды, оның басы жиі ауыратын болған. Әкесі Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сергей Поповтың қабылдауына барады, ол бірден Перизатты бірінші қалалық ауруханаға ауыстыруды тапсырады. "Оның телефонмен "Қызды құтқару керек!" дегені есімде. Астаналық дәрігерлермен тікелей телекөпір ұйымдастырылды. Бұдан кейін санавиацияның көмегімен қызым Астанаға жөнелтілді. Екі күннен кейін ол тамақ іше бастады", - деп әңгімелейді Мұратбек Әубәкіров. Астанада дәрігерлер қызға ұйыма менингоэнцефалит (мидың қабынуы) деген диагноз қойды. Пациент ауруының негізгі себебі анықталғаннан кейін ол дұрыс ем қабылдай бастады. Ал оның әкесі Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне, қалалық және облыстық прокуратураға, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментіне арыз жазған, енді Бас прокуратураға шағымданғалы отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer