01 наурыз 2014 | 19:01

Конькиші Роман Креч үйді пәтерге айырбастау әділетсіз деп атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғаған қазақстандық конькиші Роман Креч өзі отбасымен бірге тұратын үйді бір бөлмелі пәтерге айырбастау турасындағы дауға түсініктеме берді, деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшының айтуынша, келісім шарт әділетсіз жасалынған. "Мынадан бастайық, үйдің шаршы көлемі 38 метр емес, 45. Сонымен бірге үйдің өзінің орналасқан жер телімінен басқа, және тағы қосымша жер алаңы бар. Тұтас алып қарағанда бізде неше шаршы көлем бар екендігін анықтайтын боламын. Жалпы екі бөлмелі үйді әрі қосымша жер телімімен ауданы менің үйімнің шаршы көлемімен бірдей бір бөлмелі пәтерге айырбастауды әділетсіз деп есептейміз",- дейді Креч. Толық нұсқасын осы жерденоқи аласыздар. Еске сала кетейік, өткенде ғана Креч өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қызылжардағы үйі сүрілетіні туралы жаңалықты туыстары Олимпиада кезінде одан жасырғанын айтқан болатын. "Менің үйім қаладан шыға берістегі сәулет жөнінен маңызды саналатын басты айналма жолдың бойында орналасқандықтан үнемі сүрілу қаупі төніп тұрды. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты бұл тек жоспар күйінше қалып келген. Бізге бір апта аралығында үйден шығуды және көрші аумақта салынып жатқан Жамбыл көшесі, 45 үйдегі тұрғын үй кешенінің бастапқы өңделген күйдегі (!) бір бөлмелі пәтерге көшу қажеттігін екі апта таянғанда ғана ескертті",- деп ашынады конькиші. Кейін Солтүстік Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин конькиші екі бөлмелі пәтер алатынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, спортшының баспана жағдайы Сочи Олимпиадасына дейін жақсаруы тиіс болған екен. "Спортшы 30 шаршы метрден сәл асатын лашық үйде тұрып келді. Енді оны бір бөлмелі пәтерге айырбастау туралы ұсыныс, оның бағасымен бірдей деп есептеймін. Бұдан бөлек, облыс әкімі Роман Кречке Сочи Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етеді",- деді Руслан Есеналин.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer