03 наурыз 2014 | 19:21

Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастықты арттырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аkorda.kz ©Аkorda.kz

Қазақстан білім беру мен жаңа технологиялар саласында Финляндияның тәжірибесін қабылдауға әзір, бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбав Ақордада Финляндия Парламентінің төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесуі кезінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Парламенті төрағасының алғашқы сапарына ілтипатын білдіре келіп, бұл елмен Қазақстан экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. "Қазіргі уақытта өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін екі ел парламенттері қарауға тиіс бірқатар келісімдер бар. Финляндияның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері тәнті етеді және біз білім беру, жаңа технологияны дамыту мен енгізу саласындағы сіздердің тәжірибелеріңізді қабылдауға дайынбыз. Біздің индустриялық-инновациялық бағдарламамыз бірқатар финн компанияларының Қазақстанда жұмыс істеуіне мүмкіндіктер береді", – деді Мемлекет басшысы. Хейнялуома өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті және Финляндия Президенті Саули Ниинистёнің сәлемін жеткізді. Финляндия Парламентінің төрағасы бизнес саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне де тоқталды. "Көптеген финн компаниялары энергия үнемдеуші және энергия жағынан тиімді таза технологиялармен, сондай-ақ жасыл табиғи ресурстар өндірумен айналысады, ол жағдайда табиғат бүлінбеген күйінде сақталады", – деді ол. Финляндиялық мейман финнің Finnair ұлттық әуетасымалдаушысы Астана мен Хельсинки арасында тікелей рейстерді жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады. Бұған қоса, ол өз елінің Қазақстан Президенті бастама етіп көтерген "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасы туралы хартияға қосылатыны жөніндегі шешімі туралы айтты.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети