04 наурыз 2014 | 12:15

Плей-офф тактикасы – тазы болып шалу

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет hcdizel.ru сайтынан Сурет hcdizel.ru сайтынан

Астананың "Барысы" Гагарин кубогы сарапқа салынатын плей-офф додасына дайындалып жатқанда, Ресейдің Жоғары хоккей лигасында ойнайтын екі клубымыз Братина кубогының ширек финалындағы алғашқы кездесулерін өткізіп те қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қарағандының "Сарыарқасы" ЖХЛ-дың (Жоғары хоккей лигасының) негізгі біріншілігінде біршама жоғары орналасқандықтан, яғни 4-орынға ие болғандықтан, плей-оффтағы алғашқы матчтарын өз айдынында өткізген. Қарсыласы өзінен тоғыз саты төмен орналасқан "Динамо" (Балашиха) клубы болатын. Алайда Мәскеу облысынан келген балашихалықтар жеңісті қолдан беретін команда емес екен. Қарағандыда өткен бірінші ойында кеншілер клубынан айласын асырып кетті. Екінші кезеңнен кейін екі шайба айырмасымен ұтылып жатса да, соңғысында қарқындарын үдетіп, таразы басын теңестірді. Ал овертаймда жеңіс голын бірінші болып соғып, "Сарыарқаны" сан соқтырып кетті. Осы ойыннан соң Қарағанды клубының бас бапкері, словак маманы Душан Грегор қарсыласы ортанқол команда болса да, қалпақпен ұрып ала алмайтындығын түсінді. Сөйтіп, келесі күнгі кездесуде ойын тактикасына өзгерістер енгізді. Тіпті бірінші ойында алты гол жіберіп алған қақпашысын да ауыстырды. Атап айтқанда, Степан Горячевскихтің орнына Владимир Ковачты шығарды. Екінші күнгі матчта "Сарыарқа" өте мұқият ойнап, "Динамоны" 4:1 есебімен тізерлетті. Сөйтіп жалпы есептегі таразы басын теңестірді. Енді қарағандылықтар Балашихаға барып, келесі екі ойынды 6 және 7 наурыз күндері түзде өткізеді. Ал Өскенемннің "Қазцинк-Торпедосы" алғашқы екі ойынын түзде өткізді. Пензада жергілікті "Дизель" клубымен кездесіп, бірінші ойында 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бірақ шығысқазақстандықтар бұған мойыған жоқ. Құрамында жас ойыншылар көп екендіктерін алға тартып, олардың плей-офф додасының қызығы мен шыжығына әлі бейімделіп кете алмай жатқандықтарын, әр ойын сайын ысыла түсетіндіктерін айтты. Екінші күнгі ойында олар сөздерінде тұрып, жанештілік танытты. Шектен тыс тартысты өткен матчта азулы қарсыласын 3:2 есебімен жеңді. Сөйтіп, шығысқазақстандықтар да жалпы есептегі таразы басын теңестірді. Енді "Қазцинк-Торпедо" Пенза клубын 6 және 7 наурыз күндері Өскеменде қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, әр жұптағы дода төрт жеңіске дейін созылады. Братина кубогы. Ширек финал: /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /13/ Динамо (Балашиха) – 1:1 (5:6 Б, 4:1) /6/ "Дизель" (Пенза) – /11/ "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) – 1:1 (3:1, 2:3)

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer