04 наурыз 2014 | 16:43

Тиімсіз жобаларға инфрақұрылым тартылмайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото vsemee.kz сайтынан Фото vsemee.kz сайтынан

Келесі жылдан бастап "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымға арналған қаражаттың 70 пайызы индустриалдық аймақтарға бөлінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішевке сілтеме жасап. "Неге біз инженерлік инфрақұрылымға арналған қаражаттың 70 пайызын индустриалдық аймақтарға бөлуді көздеп отырмыз? Себебі әрбір жобаға инфрақұрылым желілерін жеке-дара тарқанша, тұтас бір индустриалдық аймақты іске қосқан тиімді. Жалпы, кез келген жобаның тиімділігіне баса назар аударылады. Себебі инфрақұрылымға бөлініп жатқан ақша - ол бюджет қаражаты. Бір облыста 20 жоба болуы мүмкін. Алайда оның тиімділігі басқа облыстың үш жобасынан төмен болса, онда ақша сол облысқа аударылады", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Б.Жәмішев. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, инженерлік инфрақұрылымға арналған қаражаттың 70 пайызын индустриалдық аймақтарға бөлу туралы өзгерісті келесі жылда емес, биылдан қалмай енгізу керек. "Себебі қазірдің өзінде инженерлік инфрақұрылымды тартуға ниет білдіріп, тиісті жобаларын аймақтық үйлестіру кеңестерінің қарауына тапсырып қойған кәсіпкерлер бар. Онда бізге бәрін анықтап алу қажет. Егер біз оларға ақша бөлмейтін болсақ, онда ол өзгерістерді қазір енгізу керек. Әйтпесе, ертең кәсіпкерлер аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері мен әкімдікті кінәлайды. Биыл өзгертсек, қарбалас та болмайды", - дейді Н.Ноғаев. Үкімет басшысы С.Ахметов облыс әкімінің бұл ұсынысын қолдап отыр. "Әкім дұрыс айтады. Егер біз шағын және орта бизнестің инфрақұрылымын дамыту бойынша тиісті қаражатты бөлмейтін болсақ, онда шекті бір соммаларды айқындап алу қажет. Бізде өзі инфрақұрылымды тарту жұмысы мемлекеттің міндеті болып қалды ғой. Бұрын ондай болмайтын. Бизнес оның барлығын өздігімен жасап отыратын. Қазір болса, әрбір екіншісі (кәсіпкер - авт.) оның инфрақұрылымын мемлекет тартып беруі тиіс деп есептейді. Ал оған қажетті қаражаттың көлемі өсіп келеді. Негізі, 2 млрд. теңгенің орнына 500 млн. теңге бөлінсе, өңірлік даму министрлігі мен әкімдер тиісті лимиттің бар екендігін жеткізіп, тек 500 млн. теңгенің бөлінетіндігін түсіндіруі тиіс. Керек болса, "Бизнестің жол картасына" өзгеріс енгізейік", - деп атап көрсетті Премьер-министр. Өңірлік даму министрі Б.Жәмішевтің айтуынша, бағдарламаға тиісті өзгеріс енгізіледі. Бірақ ол шекті соммаға байланысты болмайды. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға арналған қаражат жобаның тиімділігіне қарай бөлінеді. Былайша айтқанда, шалғай жерде орналасқан шағын сүт фермасына қыруар қаражаттың инфрақұрылымы тартылмайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer